Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына Көкпекті ауданы бойынша «25 жыл – Бірлік пен Жасампаздық» атты 25 жұлдызды күн іс-шаралар жоспарына сәйкес 22 қараша «Мемлекеттік рәміздер күні» деп белгіленді. Бұл күні аудан бойынша және Самар ауылдық округіндегі барлық мекемелер мен ұжымдарда бір мезгілде еліміздің Әнұра-ны шырқалды. Самар ауыл-дық округі әкімшілігінің мәжіліс залында да салтанатты түрде Әнұран орындалды.
Толығырақ...Қазақ ортасында жан мәселелері жайлы жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Жазушының тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді шығармасы ғылым үшін таптырмас нағыз қазақи еңбек. Өйткені, бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тілін-дегі сол кездегі бірден-бір төлтуынды.
Енді осы психология ғылы-мын ауданымыздағы мектептерде жеріне жеткізе қолданып, оның мақсат-мұратын орындап жүрген бір қауым жастар туралы сөз қозғасақ. Мектеп пен пен қоғам, ата-ана мен оқушы арасындағы байланысты үйлестіріп отырған осы – психолог мамандар.
Аудан мектептерінде 32 психолог, 6 әлеуметтік педагог қызмет атқарады.
Биылғы 2016 жылы Еліміздің ұлы мерейтойы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Округіміздегі барлық өтіп жатқан мерекелік іс-шаралар осы мерейтойға арналуда. Мариногорка ауылдық округінің Мариногорка орта мектебінде патриоттық бағыттағы әндер, сахналық қойылымдар байқауы өткізілді. Іс- шара АӘД мұғалімі У.Тоқтаровтың құттықтау сөзімен ашылды. Құттықтау кезінде Қазақстан Республикасының құрылу тарихы жайында, со-ғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбектері туралы оқушыларға айтып өтті. Байқауда Жеңіс туралы әндер, өлеңдер, әдемі билер орындалды.
Толығырақ...Қазіргі уақытта инженерлік кадрлардың тапшылығы бүкіл әлем дертіне айналды. Мамандар тапшылығына заманауи инженерлік технологиялардың жаңаруы да өз әсерін тигізіп отыр.
Болашақ инженерлік кадрларды тәрбиелеуді мектеп қа-бырғасынан бастау қажет. Жоғары білімді инженер болғысы келетін оқушыларды ынталандыру үшін Шығыс Қазақстан облысының пилоттық мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап «Мен-инженермін» жобасы енгізілді. Облыс мектептерінің оқушылары «Мен - инженермін» жобасы аясында алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларды оқып үйренуде. Оқу «PTC», «Creo», «Mathcad» және «3D Blender» бағдарламаларының көмегімен жүргізіледі.
Күз маусымы мерекелі ай. Жомарт күз әрбір үйдің дастарханын түрлі дәмге, қоймасын дәнге толтыратын берекелі ай. Келесі күзге дейін есте қалатындай етіп қасиетті айдың қадірін арттыру мақсатында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте 3-4 сыныптар арасында «Күз Ханшайымы» байқауы болды.
Мерекеге 3 «а» сыныбынан Аида Жеңісова, 3 «б» сыныбынан Дина Ақылбаева, 4 «а» сыныбынан Мұңият Шағыбай, 4 «б» сыныбынан Алтынжан Асқанбаева қатысты. Жарыста қыздар өздерін, әсем көйлектерін, шаш үлгілерін таныстырады. «Күзгі сыйлық» сайысында күзгі көкеніс, жемістерден әділқазыларға арнап әсем сый жасады. Аспаздық өнерлерін көрсетіп күзгі салаттар әзірледі, барлық өнерлерін ортаға салып ән айтты, би биледі, мәнерлеп өлең оқыды. Қатысушы қыздарымыз жылдамдығы мен тап-қырлығын таныты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.