Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1961 жылдың қыркүйек айында Көкжыра ауылындағы Амангелді атындағы сегізжылдық мектептің табалдырығын аттаған 30 бала бүгінде шаштарын ақ қырау шалған ата-әжелер. Мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндерді алғашқы ұстаздары Ләмпия Бағадаева қарсы алған еді. Ал мектеп директоры ауылдағы алғашқы педагогтардың бірі, тамаша ұйымдастырушы Шәмши Оразбаев болатын.


Сыныптастар бас қосқан кездесуге сол қызықты оқушылық сәтті бірге өткізген 14 сыныптас келді. Олар күндіз өмірден өткен 9 сыныптасты еске алып, құран бағыштады. Ал нағыз әңгіме мен еске түсіру кеші «Қайнар» мейрамханасында жалғасты. Жастары алпыстан асып кетсе де, мұғалімнің алдында қашанда шәкірт болып қалатын оқушымыз. Бұл кешке математика пәнінің мұғалімі Қапан аға Қажығалиев және 5-6 сыныптарда жетекші болған Гүлпану апай Байханова құрметті қонақ ретінде шақырылды. Олар да талай қызық естеліктер айтып, өткен жастық шақтарын еске алды.
- Қапан екеуіміз сексенді алқымдап қалсақ та, сендерді көріп бір жасарып қалдық, - деді Гүлпану апай. Ұстаздарымыз біздің қалай оқығанымыз бен кейбір мінез-құлықтарымызды айтып күлдірді. Зайсан қаласынан келген сыныптасымыз Әлия Мұқажанова өзі де қырық жыл ұстаз болды. Ол да талай естелік айтты. Мұратбек Рахимов сыныптастарға өзінің өлеңін арнады. Ғания Зайтенова мен Ғания Қалиева әннен шашу шашты. Кездесуде талай сый-сияпат та таратылды. Осындай кездесуді ұйымдастырып, белсенділік танытқан Мұратбек Рахимов, Гүлдірайхан Қабдылова, Дариға Дүйсенбинова, Күлсағат Ожароваға барлығы алғыстарын білдіріп, қимастықпен қош айтыстық.
Бұл бір есте қаларлықтай кездесу болды. Мектеп тарихында осындай ұзақ жылдан кейінгі болған кездесу бірінші рет болып отыр екен. Сыныптас достарыма аман-сау болыңдар. Мектептегі шақтарың мен бал балалықты ұмытпайық, жақсылықпен кездесейік дегім келеді.

Жексенбай Тәкібаев,
Сарыбел ауылы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз