«Казнаковка орта мектебі» негізінде (бұдан әрі - Мектеп) ҚР Білім министрлігімен келісілген және үштілді мектеп құру бағдарламасының пилоттық жобасы болып табылатын мұғалімдердің конкурсы жарияланады.
Казнаков орта мектебінде қазақ және орыс тілін оқытатын мұғалімдердің бос қызметіне конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі:
1) Химия,
2) Физика,
3) Математика,
4) Дене шынықтыру,
5) Ағылшын тілі.
Конкурсқа 40 (қырық) жас-тан үлкен емес, тиісті жоғарғы педагогикалық білімі бар, Шығыс Қазақстан облысы Көк-пекті ауданыны Казнаков ауылында орналасқан мектеппен еңбек шартын жасасуға дайын мұғалімдер шақырылады. Дене шынықтыру бойынша үміт-кер біліктілігі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы және спортшы болуы тиіс.
Жеңімпаздарға келесі шарттар ұсынылады:
1) Казнаковка ауылына басқа елді мекеннен келгендерге 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көле-мінде көтерме ақы төленетін болады.
2) Тұру үшін тегін тұрғын үй (жатақхана) беріледі.
3) Мемлекет тарапынан негізгі еңбекақы мөлшері біліктілік санаты мен еңбек өтіліне байланыс-ты.
4) 60 000 (алпыс мың) теңгеден бастап ай сайын төленетін, жыл сайын ұзартылатын 700 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін көлемде қосымша Жылдық грант. Грант көлемі оқытушының жұмыс нәтижесі мен оқушылардың білім сапасына, сонымен бірге мұғалімдер мен оқушылардың кәсіби жетістіктеріне (секция, үйірме, жарыстар, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу және т.б) байланысты анықталады.
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең – түйіндемелерді іріктеу,
2-кезең – тест жүргізу,
3-кезең – сұхбаттасу.
Өткізілу уақыты мен мерзімі:
1) Түйіндеме 23.05.2016 – 30.06.2016 ж. аралығында қа-былданады
2) Тестілеу 14.06 – 07.07.2016 ж. аралығы.
3) Сұхбаттасу 15.06 – 09.07.2016 ж. аралығы.
Конкурстың нәтижесі қаты-сушылардың түйіндемесінде көрсетілген телефон мен элек-трондық поштасына 15.07.2016 ж. дейін жіберілетін болады.
Қатысушыларға қойылатын кәсіптік талаптар: профильге сәйкес жоғарғы арнайы педа-гогикалық білім.
І. Конкурсқа қатысу үшін 30.06.2016 жылға дейін қажетті құжаттарды үш мекенжайдың біреуіне қағаз жүзінде жеткізу қажет:
1) ШҚО, Көкпекті ауданы, Казнаковка ауылы, Казнаковка орта мектебі (байланысатын тұлғалар: Демесинов Самаркан - 7 777 519 02 81, Даулбаева Гульмира - +7 777 749 81 04) .
2) Астана қ., BI-GROUP орталық кеңсесі, Бөкейхан к-сі., 24, Аффари БО, 9-қабат (байланысатын тұлғалар: Омарова Рау-шан - +7 771 072 27 13, Скакова Лимара - +7 777 110 9999).
3) немесе барлық құжаттарды сканерден өткізіп, Winrar форматында мұрағатқа салып келесі электрондық поштаға жіберу This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Міндетті түрде + 7 777 110 9999 телефон нөміріне қоңырау шалып алғаны жөнінде анықтау қажет.
Құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлік/паспорт
2. Қосымшаларымен бірге негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік, орта мектепті аяқтағаны туралы аттестат.
3. Еңбек қызметiн растайтын құжат.
4. Жетістіктері мен жұмыс тәжірибесі көрсетілген фото-суреті бар түйіндеме (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштаcына жіберу міндетті)
5. Қосымшаларымен бірге кәсіби білімі мен біліктілігін растайтын құжаттар: /оқу формасы
6. Оқу орнынан, жұмысынан/мектептен берілген сипаттама, сертификаттар ( ҰБТ-дан алған балл), кәсіби жетістіктерін куәландыратын құжаттар /
7. Анықтама / ішкі істер министрлігінен /, / психологтан / / наркологиядан
8. Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша бекітілген медициналық анықтама.
9. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі лауазымына кандидат болу үшін түйіндемемен қатар, 3 бет көлемінде мектептегі спорт өміріне бағытталған бағ-дарламамен, балалар-жасөс-пірімдер спорт мектебінің дамуы жөнінде ұсыныс жасау.
II. Тестілеу жеке және кәсіби компетенциясы бойынша 20 сұрақ және негізгі пәннен 30 сұрақ бойынша жүргізіледі, барлығы 70 сұрақ. Өту баллы негізгі пәннен 25 баллдан кем емес болған жағдайда, 55 баллды құрайды.
III. Сұхбаттасу. Сұхбаттасуға тестілеуден өткендер рұқсат етіледі. Сұхбаттасу Skype ар-қылы Астанадағы өкілдердің қатысуымен өтеді.
Конкурстың жеңімпаздары сұхбаттасудың нәтижесі бо-йынша анықталады және 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмысқа алынады. Сонымен бірге конкурс жеңімпаздары Астана және Алматы қалаларындағы тренингтер мен басқа білім беру орталықтарының ай сайынғы тренингтерін қосқанда Назарбаев интелектуалды мектебінің негізінде біліктілікті арттыру бағдарламаларына енгізілетін болады.
Казнаковка орта мектебінің мұғалімдері үшін грант
2016 жылдың оқу жылынан Казнаковка мектебіне мұғалімдер үшін келесі пәндер бойынша жыл сайынғы грант жүйесі енгізілетін болады:
1. Химия
2. Физика
3. Математика
4. Информатика
5. Ағылшын тілі
6. Дене шынықтыру
7. Орыс тілі мен әдебиеті.
60 000 (алпыс мың) теңгеден бастап ай сайын төленетін, жыл сайын ұзартылатын 700 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін көлемде қосымша Жылдық грант. Грант көлемі оқытушының жұмыс қорытындылары, оқушылардың білім сапасы сонымен бірге оқытушылардың, оқушылардың кәсіби жетістіктеріне (секция, үйірме, конкурстар мен олим-пиадаларға қатысу және т.б) байланыс-ты анықталады.
Құжаттар мен түйіндемені тапсыруға қатысты қандай-бір сұрақ туындаған жағдайда This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жазуды немесе +7 777 519 02 81, +7 777 749 8104, + 7 771 072 27 13, + 7 777 110 9999 телефонына хабарласуды сұраймыз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.