Жаңа жыл – бүкіл әлемнің асыға күтетін мерекесі болып, болашаққа деген көп жоспарды алға қойғызатын кез. Балалармен қатар ересектер де асыға күтетін мерекелердің бірі .Осы мереке Биғаш ауылында да өте қызықты және көңілді өтті. Желтоқсанның 30-нан бастап ауыл әкімі Д.Оспанов Аяз ата, Ақшақармен бірге, үй-үйді аралап,кішкентай балақайларға «Арна» шаруа қожалығының басшысы М.Жакуповтың және жеке кәсіпкер Р.Тоқпанованың демеушілігімен базарлық таратты. Балаларға арналған «Төрлет, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.
Жеті қазынаның бірі ғой, ырысымды арттырсын деп ырымдаған Тассай ауылының халқы Ит жылын да ерекше құштарлықпен қарсы алды. Алдымен ауыл әкімі Ержан Мазыбаев ауылдас-тарына аталы сөз айтып, Ит жылы құтты болып, ағайынның саулығы бақуат, қалтасы қалың бол-уын тіледі. Өз кезегінде бүгінгі үлкен, халықтық бұқаралық мейрамның аса жоғары деңгейде өтуіне себепкер болған «Атымтай жомартымыз» білікті де белді кәсіпкер «Бекзат» ШҚ-ның басшысы, құлашы алымды, несібесі салымды Қайрат Мұқанов сынды азамат жиналған қалың қауымды Жаңа Жылмен құттықтай келе Ит жылы дүние есігін ашып, бүгінде жеті мүшел басып сексеннің сеңгіріне шыққан қос әжей Кәмен тәте мен Күлчакен шешейге «Ұрпағыңмен мың жаса» деп, ізгі ниетпен алғашқы сыйлықтарын тарту етіп, «Бекзат ШҚ» жұмысшы-механизаторларына да ерен еңбектерін ескеріп бағалы сыйлықтар атады.
Толығырақ...Шәріптоғай негізгі мектебінде «Төрлет, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық кеш өтті. Жаңа жыл кеші таңғажайып қызықтарға толы болды. Аяз ата мен Ақшақарды асыға күткен балалар шыршаны айналып Аяз атамен бірге шырша жырын айтып, әсем әуенге бөленді. Жаңажылдық кешімізде мектеп оқушыларына ауылымыздың тұрғыны Сарымсақов Марат Мәлікұлы тосын сый жасады. Балаларға жаңажылдық тартулары салтанатты түрде таратылып, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері бір қуанып мәз мейрам болып жатты.
Көзімізге ыстық, көңілімізге қайғы мен қуаныш орнатқан жыл сайынғы желтоқсаным да елімізге келіп жетті. Еліміздің тәуелсіздігінің белгісі, жырымның арнаған шуағы, Желтоқсан құрбандарыма жаққан шырағым сен - Желтоқсан! 31 жыл қысым өтіп, көктемім келіп бүр жарса да біздің боздақтарымыз мәңгі есімізде.
Толығырақ...Самар ауылында айрықша маңызы бар мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара басталмас бұрын қонақтар, ауыл тұрғыны, қол өнер шебері Бекқали Оралбектің бұйымдары қойылған көрмені тамашалады.
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай ауданның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген бір топ сала мамандарын аудан әкімі Р.Сағандықовтың атынан Алғыс хатымен Ф.Темірғалиева, Л.Гебель, Л.Хасенова Б.Карменова және «Әлеуметтік сала үздігі» медалімен Самар ауылының арнау-лы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қызметкерлері С.Қапасова мен М.Байғабылованы марапаттады. Сонымен қатар, селолық округтер командалары арасындағы өткен спартакиадада І-орын алғаны үшін Самар селолық округі командасының капитаны А.Сахариевке кубок табыс етіліп, аудан спортының дамуына үлес қосқаны үшін М.Заркумова, А.Савочкин алғыс хаттармен марапатталды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.