Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жеті қазынаның бірі ғой, ырысымды арттырсын деп ырымдаған Тассай ауылының халқы Ит жылын да ерекше құштарлықпен қарсы алды. Алдымен ауыл әкімі Ержан Мазыбаев ауылдас-тарына аталы сөз айтып, Ит жылы құтты болып, ағайынның саулығы бақуат, қалтасы қалың бол-уын тіледі. Өз кезегінде бүгінгі үлкен, халықтық бұқаралық мейрамның аса жоғары деңгейде өтуіне себепкер болған «Атымтай жомартымыз» білікті де белді кәсіпкер «Бекзат» ШҚ-ның басшысы, құлашы алымды, несібесі салымды Қайрат Мұқанов сынды азамат жиналған қалың қауымды Жаңа Жылмен құттықтай келе Ит жылы дүние есігін ашып, бүгінде жеті мүшел басып сексеннің сеңгіріне шыққан қос әжей Кәмен тәте мен Күлчакен шешейге «Ұрпағыңмен мың жаса» деп, ізгі ниетпен алғашқы сыйлықтарын тарту етіп, «Бекзат ШҚ» жұмысшы-механизаторларына да ерен еңбектерін ескеріп бағалы сыйлықтар атады.


Бал маскарадтың соңына қарай Жаңа жыл мерекесіне арнайы қолдан маскарадтық костюмдер киінген сауықшылардың барлығына ретіне қарай қазылар саралап, бағалы сыйлықтарды таратты. Бас жүлде плазмалық телевизорды «Маңтөбет» Мадина Ибрагимова, бірінші жүлде кір жуғыш машинаны «Рухани жаңғыру» боп киінген Элмира Изгуттиновалар ұтса, қалған мас-карадшылар да екінші, үшінші сонымен қатар барлық мерекелік костюмдер киген сауықшылар лайықты сыйлық алды. Жұрт риза. Халқы шаттанса, жігіттің мерейі асқақтайды. Қайрат та жары Әсел де көңілді. «Ауылдастың аты озсын» деген шығар.
Жалпы Тассайда өзгелер өнеге тұтар жақсы дәстүр қалыптасқан. Өткен Тауық жылында бас демеуші болған Тассайдың тумасы Марат Қаликов эстафетаны құрметпен осы Қайрат інісіне тапсырса, енді Қайрат алдағы Доңыз жылын өткізуді ауылдасымыз, абыройлы бауырымыз, төрт түлігі сай кәсіпкер Болатхан Әзімбаевты лайық деп тауып, құрметпен эстафетаны тапсырды. Болатхан мырза да ұсынысты риясыз мырза көңілмен құп алды. Бәрекелді! Жаңа Жыл құтты болсын!


К.Байжұманов, Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз