Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылында айрықша маңызы бар мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара басталмас бұрын қонақтар, ауыл тұрғыны, қол өнер шебері Бекқали Оралбектің бұйымдары қойылған көрмені тамашалады.
Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов құттықтау сөз сөйлеп, мерекеге орай ауданның өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген бір топ сала мамандарын аудан әкімі Р.Сағандықовтың атынан Алғыс хатымен Ф.Темірғалиева, Л.Гебель, Л.Хасенова Б.Карменова және «Әлеуметтік сала үздігі» медалімен Самар ауылының арнау-лы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы қызметкерлері С.Қапасова мен М.Байғабылованы марапаттады. Сонымен қатар, селолық округтер командалары арасындағы өткен спартакиадада І-орын алғаны үшін Самар селолық округі командасының капитаны А.Сахариевке кубок табыс етіліп, аудан спортының дамуына үлес қосқаны үшін М.Заркумова, А.Савочкин алғыс хаттармен марапатталды.


Мерекелік салтанатты жиында құттықтау сөз алған ауыл әкімі А.Күдербаев округтің қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген жастар және әртүрлі сала өкілдерін, жеке кәсіпкерлерді марапаттады. Олар: Елемес Сапар, Р.Зулфиев, М.Қалисатаров, Ж.Алиназыпова, И.Чередниченко, Т.Еремеева, Бекқали Оралбек. Ал, ақын-композитор Халхабай Райхан көрермендерге өзінің жазған «Тәуелсіздік толғауы» атты өлеңін арнады. Жастар атынан сөз алған Дәурен Мергенчинов мерекелік құттықтауын арнап, ата-бабамыздың ықылым заманнан аңсаған асқақ арманы ел тәуелсіздігінің қасиеті мен маңыздылығына тоқталды. Мерекелік шара ауылдың көркемөнерпаздарының «Тәуелсіздік – тұғырлы Ел» атты концерттік бағдарламасына ұласты.


Сауых Ерназар,
ауылдық округтің
жастар саясаты маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз