Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Рухани Жаңғыру: Жастар – Ұлт Рухы» атты онкүндік аясында Самар ауылындағы орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыруға байланысты дөңгелек үстел өтті. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Садықов, әйелдер кеңесінің төрайымы Э.Степанова, ауылдық мешіт имамы Б.Калебай, аудандық жастар мәслихатының депутаттары И.Сәулебеков, С.Айдарқызы, Самар ауылының жастары, Құлынжон селолық округінің жастар саясаты жөніндегі маманы С.Нұраллинов қатысты.

Дөңгелек үстел барысында аудандық мәслихат депутаты Е.Сихварт патриоттық тәрбие мәселелері, латын әліпбиіне көшу төңірегінде сөз қозғап, бұл орайда болашақты бағдарлаған, кемел келешекке көз тастаған Елбасының мақаласы мемлекетке жол бастар темірқазық екендігін айтып өтті. Ретімен сөз алған Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Садықов: - Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету қажет екенін атап көрсетті. Қазір заман өте жылдам өзгеріп жатыр, кешегі жаңа технология саналған жетістік бүгін ескіріп, пайдаланудан шығып жатады. Сондықтан, білім ең алдымен кәсіпке лайықталып берілуі қажет. Бұл арада жастардың сол болашақ мамандығына деген ынталылығы үлкен рөл атқармақ, - деді.
Осы кездесу аясында рухани жаңғыруды жүзеге асыру барысындағы аға, орта, жас буынның үлес салмағы жайлы, аталмыш жоба болашақта жастарға не береді? Жастар бұған өз үлестерін қалай қосады? - деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар адамның дамуы, саналы азамат қалыптастырудың барлығы мәдениет, халықтың рухани мұралары арқылы жүзеге асатынын айқындады. Мемлекет басшысының өзекті мақаласы әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға шақырады.


Сауых Ерназар, жастар саясаты жөніндегі жетекші маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз