Бастаушы көркемөнері дегенде еланасы Жәнипа апа Қожамбетова бастаған «Асыл мұра» ұлттық-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің қызметі көңілге оралады. Биылғы 2018 жылғы салатын ән де, сән де бұрынғы әннен де, сәннен де бөлек «Рухани жаңғыру» аясында болмақ.
Бастаушылықтардың ойын-сауығын залдан «апалап» жүгірген жас балдырғанның үні бастап кетті. Ақ кимешекті абзал ана немересін емірене отырып, ауыл туралы, атамекен жөнінде, туған ел тұрғысында үн қатты. Ауыл маңында жиналған апа-әжелер, балалар мен қыз- келіншек сырмағын сырып, текеметін қарпып, келісін түйіп, самауырын қайнатып - ертедегі ауыл тұрмысын әспеттей көрсетті. Ақ әже осы тұрмыстың бәрін марапаттай, немересін аялай отырып «Қоғалы-ай» әні әуенімен берекелі Бастаушысын, көркем Көкжотасын жырына қосты.
Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай ауылдық округтегі білім мекемелері мен кітапханаларда Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер мен тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылармен мағыналы кездесулер ұйымдастырылып, дәстүр бойынша ерлік сағаттары болды.
Батагөй қариялар мен ел ағалары арасында «Ақ бата – асыл мұра» атты сайыс өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан ұйымдастырылған сайыста қариялар бата беруден жарысты. Бұл іс- шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Мақсаты - көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Сондай-ақ асыл қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету.
Ауданымызда байрақты ордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған ауылдық округтердегі көркемөнерпаздар ұжымдарының байқауы басталып кетті. Байқауға 17 ауылдық округтен 1700 тарта көркем өнерпаздар қатысады деп, межеленіп отыр. Бүгін Қалиқан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде атақты батыр атамыз Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтің өнерпаздары байқау шымылдығын түрді. Аудан өнерпаздарына сәт сапар, өнердің отын маздата беріңдер – дейміз.
Сахна шымылдығын Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау әнімен» ашқан ауыл әншілері көрерменді алда қойылатын ойын-сауықтың әсерлі болатынына сендіргендей бір серпілтіп тастады. Келесі кезектегі үнді биін билеген Айым мен Гүлім келген көрерменді Қалбатаудан Гималайға бастап кетердей болды. Әсерлі ырғақ, мінсіз қимылмен билеген егіз қыз әсем жымиып үнді биінің сан қырлы салымдарын саусақтарымен сәндендіріп, буындарымен безендірді. Преображенкалық әжелер шалқытқан «Беу айдай» әнінің соңғы нотасы аяқталысымен ортаға ұшып шыққан араның ұясындай жас бөбектер «Пчелок биі» ырғағында сахнаны жайнатты. Бүлдіршіндер биі иісі бал жұпарымен астасқан Тәлмен бойының жазын еске салғандай, қызықтаған көпшілікті тәнті етті. Бұдан әрі де ойын қызығы артпаса толастамады. Шаншардың ГАИ мен Үкіліқыздық Н.Бабакова, Ю.Ершенова, С.Котлярова салған орыс халқының частушкалары преобаженкалық қауымның әзіл-ысқақтан да кенде еместігін көрсетті. Қолдарына қос ақ көгершін қондырып шыққан Бақыт Әубәкірова мен Дамир Даутпаев құсты қолда үйретіп, баптаудың нағыз цирктік өнерін көрсетті. Қос көгершіннің қимылына елтіген көрерменді, «Жетім қыз» монологын нақышына кетіре орындаған Балнұр Вагнердің мұңлы даусы орындалған мәтіннің аяулы оқиғасына жетелеп, жетім қыздың зарын әржүрекке жеткізгендей болды.
Үлкенбөкен ауылдық округінде 2 ақпанда шайбалы хоккейден ардагерлер және жасөспірімдер арасында округ әкімінің жүлдесіне арналған біріншілік өткізілді Ашылу салтанатында ауыл әкімі Н.Назарханов және мектеп директоры А.Егеубаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Біріншілікке ардагерлер, жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Ардагерлер командасында Көкпектіден байырғы спортшы Серік Сұлтанов, Қарамойылдан «Талап» ШҚ басшысы Жұмабек Күшікпаев «Жансары» ШҚ басшысы Ербол Сағындықов, Үлкенбөкеннен Нұрлан Егеубаев, Иван Болтовский, Төлеуғазы Мұхаметжанов, Дәурен Алдабергенов ойынға қатысты. Жаңадан ашылған ШҚО бойынша арнайы тәртіппен оқытылатын мектеп-интернатының оқушылары да жарысқа қатысты. Ойынды алғашқы болып ардагерлер мен жоғарғы сынып оқушылары бастады. Тартысты ойында ардагерлер 8:5 есебімен жеңіске жетті. Серік Сұлтанов 5 шайба, Нұрлан Егеубаев 4 шайба соқты. 3-ші орын арнайы мектеп оқушыларының командасына тиесілі болса, ал 2-ші орын жоғарғы сынып оқушылар құрамасына бұйырды. Жүлделі 1-ші орынды ардагерлер командасы иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен грамоталар тапсырылып, ауыспалы кубокпен марапатталды.
Қ.Ахметқалиев, жастар маманы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.