Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көзімізге ыстық, көңілімізге қайғы мен қуаныш орнатқан жыл сайынғы желтоқсаным да елімізге келіп жетті. Еліміздің тәуелсіздігінің белгісі, жырымның арнаған шуағы, Желтоқсан құрбандарыма жаққан шырағым сен - Желтоқсан! 31 жыл қысым өтіп, көктемім келіп бүр жарса да біздің боздақтарымыз мәңгі есімізде.


Жастардың патриоттық сезімін ояту, Отанын, туған жерін қадірлеуге, сүюге біз алдыңғы ұрпақ міндеттіміз. Ново-Тимофеевка орта мектебінде өткен барлық игі іс-шаралар осы Желтоқсан мерекесіне арналды. Шағын орталық пен сыныптардан бастау алған іс-шара қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Түстікпаеваның ұйымдастыруымен үлкен мерекелік атауы бар желтоқсан боздақтарын еске алу кешіне айналды. Желтоқсанда халқым деп аттандап жүріп қазаға ұшыраған Ербол Сыпатаев, жазықсыз жазаға тартылған Қайрат Рысқұлбеков, Өскемен педагогикалық училищесінің студенті Сәбира Мұхаметжанова, Алматы музыкалық училищесінің оқушысы Ләззәт Асанова және басқа он екіде бір гүлі ашылмаған, ерте солған жауқазындарымызға басымызды ию біз үшін үлкен сый. Әр орындалған сахналық көрініс, бойды шымырлатқан ән, Ләззаттың анасының жоқтауы бәрі орнымен, ұйымдастырушының арқасында көрермен көңілінен шықты. Аға буын ұрпақтың салған сара жолы мәңгілік таймасын!
Қуанам осы елде туғаныма,
Кір-қоңды мөлдір суға жуғаныма.
Аспанда тізбектеліп құстар ұшсын,
Сүйгенін туған жерде жігіт құшсын! – деп кеудемді кере айқайлағым келеді, ағайын! Мереке ұзағынан болсын!


Н.Ибраева, Ново-Тимофеевка ОМ кітапханашысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз