Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шәріптоғай негізгі мектебінде «Төрлет, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық кеш өтті. Жаңа жыл кеші таңғажайып қызықтарға толы болды. Аяз ата мен Ақшақарды асыға күткен балалар шыршаны айналып Аяз атамен бірге шырша жырын айтып, әсем әуенге бөленді. Жаңажылдық кешімізде мектеп оқушыларына ауылымыздың тұрғыны Сарымсақов Марат Мәлікұлы тосын сый жасады. Балаларға жаңажылдық тартулары салтанатты түрде таратылып, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері бір қуанып мәз мейрам болып жатты.

Марат Мәлікұлына ата-аналар мен мектеп ұжымының атынан алғыс айта отырып, отбасына жақсылық, амандық тілейміз. Демеушілік жасап отырған осындай азаматтарымыз барда балаларымыздың жүзі жарқын еліміздің еңсесі биік бола бермек.


Ж.Самигулина,
мектеп психологы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз