Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Ата қазақтың ежелгі шежіресінде ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдырып, халықты қамдандырып отыратын тектік формуласы болған. Дәл сол формула қазақ шежірелерінде. Шежірені білудің дұрыстығын ешкім де теріс дей алмайды. «Білу – міндет, бөліну - індет» - деген бұлтармас қағиданы біз де ұстанамыз.
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында байтақ Отанымыздың тарихи жерлері Қалбатау мен Көкпекті жеріндегі батырлар мен билер Жомарт пен Ақболат, Кегенбай, Мақтабай, Байқадам аталар туралы да айтарымыз бар. Тана мырза мен Манақ байдың, Сыбанқұл батыр мен Ханқожа, Досан төрелердің, Қисық, Тілеуберді аға сұлтандардың еліміз үшін атқарған еңбектері ұшан теңіз. Олардың тарихын, шежіресін елге жеткізу, зерттеу бүгінгі ұрпақтың білек сыбана кірісер міндетті ісі.
Толығырақ...Мамыражай мамыр айы да соңына таяп қалды. Бірнеше күннен кейін оқушылар тағы бір оқу жылын артқа қалдырып, жазғы демалысқа кетеді. Ал мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау мерекесінен кейін білім сынағынан өтуге әзірленеді. Аудан түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты әлдеқашан бастап-ақ кеткен. Тек сынақ уақыты жақындаған сайын жүректері дүрсілдеген түлектердің көңілдеріндегі үміт пен күдік арпалыса бастайды. Ұлттық бірыңғай тестілеу қазір мектеп бітірушілердің тағдырын шешетін сынға айналған. Бұл сыннан өтпеген бала жоғары оқу орнының есігінен де сығалай алмайды. Сол себепті ата-аналар балаларын қандай жолмен болса да, осы сыннан сүріндірмеуге тырысады. Көкпектіде тест орталығы ашылғаннан бері екінші жыл қатарынан тестілеу өз жерімізде өткелі отыр. Біздің мектеп бітіруші түлектеріміз аталған сынаққа қаншалықты дайын? Ауданның қай мектебі білім көшінде алда келе жатыр? Осы сұрақтар төңірегінде біз аудандық білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафиновамен тілдесіп, біршама мәліметтермен қанығып қайттық.
Президент Жарлығына сәйкес жылда барлық деңгейдегі әкімдер дәстүрлі түрде халық алдында есеп береді. Биыл елдегі санитарлық -эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есебі әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы өрбіді. Дегенмен, Биғаш ауылдық округінде ауыл әкімінің есебі дәстүрлі форматта өткізілді. 28 қаңтар күні Биғаш ауылдық округінің әкімі Жарқын Айтқазыұлы Бауедимов 2020 жылы атқарған жұмыстарын саралап, 2021 жылы атқаратын бастамаларын ортаға салды.
Интернет желісіне қосылмаған, ұялы байланыс жүйесі өткен жылдың соңында қосылса да, сапасы төмен болып тұрған округ тұрғындары ауыл әкімінің есебін жылдағы дәстүрге сай тыңдады. Есептік кездесуде көтерілген басты мәселенің бірі де осы байланыс желісі болды. Биғаш ауылымен бірге ұялы байланыс құрылғысы іске қосылған ауданның басқа округтерінің тұрғындары еш қиындықсыз ғаламторға да қосылып отыр. Ал Биғашта неге екені белгісіз ғаламторды былай қойып, қарапайым ұялы байланыс сапасы нашар. Тіпті округке қарасты Егінбұлақ, Қарғалы ауылдарында ұялы байланыс ұстамайды. Бір сөзбен айтқанда, өткен жылдың соңында байланыс аясына шығып, бөркін аспанға атқан тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Бұл мәселе бойынша ауыл әкімі Жарқын Бауедимов алдағы уақытта тұрғындармен кездесуге «Қазақтелеком» басшысы шақырылып, маман қалыптасқан жағдайға түсініктеме беретінін жеткізді. Есептік кездесуге қатысқан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самат Кунафин де тұрғындарды алдағы уақытта бұл мәселе толық шешіледі деп сендірді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.