Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Көкпекті ауданының Биғаш ауылында мектеп жанынан толық күнді балабақша ашылды. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышын бөлісті. Бұл күні жаңадан ашылған балабақша табалдырығын 25 бүлдіршін аттады.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев аудан тізгінін қолға алған алғашқы күннен бастап бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігі туралы нақты тапсырма берген болатын. «Барлығы – балалар үшін!» деген аудан басшысы нақты шараларды бірден қолға алды. Жүйелі жұмыс нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашылды. Қазіргі таңда Көкпекті ауданында балабақша саны күн санап артуда. Жақында ғана Ақой ауылында да жаңа балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан еді. Алдағы уақытта Мамай және Ажа ауылдарында балабақша ашу бағытында жұмыс жүргізілуде.
Толығырақ...26 тамыз күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Көкпекті аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өткен ауданымыздың педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды. Мәртебелі мамандық иелерін арнайы құттықтауға аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы, маслихат хатшысы Талғат Манафұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы, «AMANAT» партиясының жауапты хатшысы Раушан Алпысбекқызы, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері арнайы келді. Педагогтердің басқосуына Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшылығы, әдіскерлер, мектеп директорлары мен мұғалімдері, балабақша меңгерушілері және әдіскерлері, тәрбиешілер қатысты.
Толығырақ...«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 2009 жылдан бері іске асырылып келеді.
2020 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бо-йынша 127 177,1мың теңге қаржы игерілді, соның ішінде тұрғын үй сатып алу үшін 33 жас маманға 119 867,0 мың теңге бюджеттік несие берілді, 27жас маманға 7 310,1 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
2021 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 48 жас маманға 14 001,6 мың теңге төленді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.