Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолда-нылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызы кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса, косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар, көптеген аурулардан емдік зат болып табылады. Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер, ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.
Айтуға жеңіл болғанымен, кішкентай үйшіктердегі аралармен айналысып, олардан бал алу ұзақ уақыттық еңбекті қажет етеді. Осы саланың еңбеккерлерін омарташы деп атайды. Солардың бірі «Фацелия» қожалығының басшысы Александр Матвеевич Шаров.
Аталған шаруашылық біршама жылдар бойы еңбек етіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол шағын омартадан 800 гектар жерді алып жатқан 200 омартасы бар үлкен фермаға айналып үлгерген. Бұнда тек сапалы бал алу ғана емес, осы жердің табиғатына бейімделген араларды өсіру жұмыстары да атқарылады. 2010 жылдың қараша айында «Фацелия» қожалығы асыл тұқымды щаруашылық мәртебесіне ие болды. Облыстық және республикалық сауда жәрмеңкелерінің, сондай-ақ, Халықаралық омарташылар фестивалінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Нақтырақ айта кетер болсақ, Александр Матвеевич 2013 жылы Халықаралық омарташылар фестивалінде алтын төсбелгімен марапатталған. Сонымен қоса, балдың сапасы бойынша 3 орын иеленді.
Еліміздің барлық аймағында жастар тәрбиесіне байланысты кешенді жұмыс жүргізілуде. «Нұр Отан» «Жас Отан» Жас-тар қанатының Көкпекті ауданының аудандық бөлімшесі жұмыс атқаруда. Көкпекті ауданы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы және Көкпекті ауданының Жастар орталығының директоры Азат Қайратұлы Рахымбаевты әңгімеге тартқан едік.
- «Жас Отан» Жастар қанаты қашан құрылды, атқарып жатқан қызметтері қандай?
-Өздеріңізге белгілі, 2004 жылы Республика бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты құралған болатын. Мақсат жастардың қоғамдағы маңызды ролін, белсенділігін арттыру. Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жас-тар. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі Елбасының да мемлекеттің де ең басты назарында болды. Әлеуметтік бағытталған жастар саясатын жүргізу, жастардың қоғам өміріне белсене қатысуы, жастардың бастамасын дамыту мақсатында, ауданда іс-шаралар жоспары бекітілген.
Толығырақ...Көкпекті ауданындағы «Арнаулы әлеуметтік көмек орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызілікті қарт адамдарға арнаулы көмек көрсету қызметін атқарады. Олардың қызметін алушылар қашанда риза.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның белді мүшелерінің бірі. Олар қашанда қатардан қалған емес. Орталық қызметкерлері қандай мереке болсын, олар үшін қызықты кездесулер ұйымдастырады. Олар мұндай кездесулерде өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән айтады. Қолөнермен шұғылданып, моншақтан тоқыма тоқу өнерін меңгергендері де бар. «Әрине, мұның барлығын біз тәлімгерлерден үйренеміз», - дейді олар.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.