АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

Кез келген өркендеуге ұмтылған өлкеге аса қажетті сала Өлкетану болмақ. Себебі өз елін, өз...

В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

На прошлой неделе в ресторане «Елім-ай» села Кокпекты собрались руководители крестьянских...

  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52
  • ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

    ӨЛКЕ ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕЙІК

    24.02.2025 06:46
  • В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

    В НАШЕМ РАЙОНЕ ПОЯВИЛСЯ НОВЫЙ ФОНД

    17.02.2025 06:26

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры, II дәрежелі “Барыс” орденінің иегері, Абай облыстық мәслихат депутаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы қызметтік сапармен келді. «Ұлағат» тәрбие жүйесі, «Тағзым» жобасы аясында колледж, мектеп ынтымақтастығын нығайту мақсатында Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісовтің 110 жылдық мерейтойына арналған «Ұрпаққа аманат» атты қойылымын көрерменге тарту етті.
Қадірлі қонақтарымыз ең бірінші Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектептің мұражайымен танысты. Білім ордасында өткен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің кіші ғылыми зерттеу орталығының Жақия Шайжүнісов туралы қойылымына аудан әкімі Әділет Қожанбаева қатысып, Шағангүл Алдамжарқызына, педагогикалық колледждің ұжымы мен студенттеріне ауданға келіп, Жақия Шайжүнісовті ұлықтау шараларын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.


Қойылымда ән шырқалды,өлең шумақтары оқылды,биден де шашу шашылды. Ұлағатты ұстаздың өмірі мен еңбек жолын тереңірек зерттелген ақпараттармен бөлісті.
Кеш соңында Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры Шағангүл Жанаева аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлына өзінің "Қоңыраулы жылдар күмбірі" кітабын табыстады. Сонымен қатар ынтымақтастықта бірге жұмыс жасауды ниет етіп Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің директоры Меруерт Қыстаубайқызына Тыныштықбек Әбдікәкімов шығармаларын мектепке тарту етті.
Көкпекті ауданының тарихында өшпес із қалдырған тұлға, Ұлы Ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Жақия Шайжүнісов 1933 жылы Семей педагогикалық техникумын (қазір Семей қ. М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледж) бітірген соң, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына балалар үйіне қызметке жіберіледі. Мұнда мұғалім, тәрбиеші, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. Ол бүкіл саналы ғұмырын жетім балаларға қамқорлыққа арнады. Балалар үйіндегі 43 жылдық жұмысында 5687 жетім бала өмір жолына қанат қақты.Ұлы Отан соғысы жылдары панасыз қалған балаларды тәрбиелеу ісіне қомақты үлес қосқаны үшін Жақия Шайжүнісов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1962 жылы оған жас ұрпаққа тәрбие беруде қол жеткізген жетістіктері үшін «Қазақ ССР-інің Еңбек сіңірген мұғалімі» атағы берілді. 1968 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Жақия Шайжүнісовке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені тапсырылды. Жақия Шайжүнісов есімі Көкпекті ауылы және Семей қаласындағы көшелерге беріліп, тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылған. 1992 жылы Көкпекті ауданының орталығындағы қазақ орта мектебіне ағартушы Жақия Шайжүнісов есімі берілді.
Осындай рухани, тағылымды кездесулер тарихымызды дәріптеуге, ұрпақ сабақтастығын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз