Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып тосын мінез көрсетуі мүмкін. Осыған орай аудан әкімі өзі барып қауіпті деген аймақтарды аралап көрді. Наурыздың 1 күні аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы жұмыс сапарымен Ажа ауылына барып, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстармен егжей-тегжейлі танысып шықты.
Бұған дейін ауыл тұрғындары өзен мен еріген қар суының ауылға қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, дамба салу қажеттігі туралы мәселе көтерген болатын. Аудан әкімі бұл мәселенің шұғыл шешілуін талап еткен еді. Көкпекті ауылдық округінің әкімі Бек Назарбекұлы бұл шаруаны дереу қолға алып, ауыл сыртынан ұзындығы 750 метр болатын дамба салдырды. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған бұл жұмыстардың дұрыс атқарылуы аса маңызды.
Айта кету керек, облыс әкімі Берік Уәли 3 наурыз күні су тасқынына дайындықты күшейту тақырыбын қамтып кеңейтілген аппараттық жиналыс өткізді. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста су тасқынына дайындық барысы, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері қаралды. Жиында облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен өңірдегі тасқын қаупі бар 9 аудандағы ахуалды бақылап қайтқан облыс әкімінің кеңесшісі, басқарма басшысы және «АMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы аймақ басшысына есеп берді. Жарма, Ақсуат, Көкпекті аудандарындағы қазіргі ахуал туралы баяндаған облыс әкімінің кеңесшісі тасқынның алғашқы легі өткенше Жарма ауданындағы Шар су қоймасына суды жинамау, Шар қаласының сыртындағы бөгетті ұзарту жөнінде ұсыныс айтты. Көкпекті ауданының Тассай ауылы және өзге де елді мекендердің тұрғындары су тасқыны жағдайында үздіксіз қатынауы үшін Қарағандыкөл айналма жолын кеңейту, Көкжайық ауылындағы су бөгетін ұзарту қажеттігін жеткізді. Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Жарма, Ақсуат, Көкпекті, Үржар, Мақаншы, Аягөз аудандарындағы тасқынға дайындық барысымен танысқан аймақ басшысы ескертулерді назарға алып, жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл жайлы ақпарат Абай облысы әкімдігінің телеграмм каналында берілген.
Сонымен қатар Көкпекті ауылындағы көпір нығайтылды. Наурыздың 3 күні Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына кіреберіс көпірінің беріктігін арттыру мақсатында маңызды жұмыстар атқарылды. Көкпекті ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпірдің жағалауы инертті материалдармен нығайту жұмыстары істелді. Бұл шара су тасқыны кезінде көпірдің шайылып кету қауіпін азайтып, жергілікті тұрғындардың қауіпсіз әрі тұрақты жол қатынасын қамтамасыз етеді. Халықтың игілігі үшін атқарылған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Үлкенбөкен ауылында қар шығару жұмыстары кеңінен жүрді. Үлкенбөкен ауылынан 2250 текше метр қар шығарылды. Преображенка ауылы да назардан тыс қалған жоқ. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша жалпы 24600 текше метр қар шығарылды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қазіргі таңда аудан басшылығының басты назарында.
Тассай ауылына жасаған іс-сапарынан кейін аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы Тассай ауылынан арнайы тазартылған жолмен Қарағандыкөл ауылына барып, жолдың тазарту жұмыстарын бақылады. Сонымен қатар Әділет Нұрсағатұлы былтырғы су тасқыны кезеңінде “Тоғма” аумағында жасалған өткелдің жағдайымен танысты. Өткен жылы дәл осы жол арқылы Тассай ауылының тұрғындары аудан орталығына қатынаған болатын.
Қарағандыкөл ауылында ауылға кіреберістегі көпірдің жай-күйін көріп, көпірге қосымша күшейту жұмыстарын жүргізу бойынша ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырмалар берді. Жақын арада аталған көпірді қосымша нығайту бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Аудан басшысы Көкжайық ауылында былтырғы жылы су жиналған “Алмабақ” аумағындағы былтырғы жылы жасалынған су бөгеттерінің (дамба) жағдайын бақылады. Бүгінгі күні аталған су бөгеттерін күшейту және су тасқынының алдын алу мақсатында су бөгеттерін жоғарылатып, қосымша күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Көкжайық ауылындағы су тасқынының алдын алу шараларымен танысып, Үлгілімалшы ауылдық округіндегі “Комплекс” аумағындағы су өткізгіш каналдардың қардан және қоқыстан тазарту жұмыстарын бақылады. Жақында аудан әкімінің тапсырмасымен канал маңайы күшейтіліп, судың өз арнасымен ағуына жағдай жасалған болатын. Себебі, су арнасынан бұрылып аққан жағдайда Нұра ауылын су басу қаупі туындауы мүмкін еді. Үлгілімалшы ауылдық округінің әкіміне аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы аталған каналды және басқа да су өткізгіш құбырлар мен арналарды күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарымызда екенін алға тартты.
Жұмыс сапарымен Теректі ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын талқылап, қажетті жұмыстарды жоспарлады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын алаңдататын маңызды мәселелерді талқылады. Тұрғындармен ауылдың өзекті мәселелерін талқылап, олардың шешу жолдары бойынша ақылдасты. Теректі ауылдық округінің әкіміне су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуді және күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.
Теректі ауылындағы жұмыс сапарынан кейін аудан басшысы Шұғылбай ауылына барып, елді мекеннің көктемгі су тасқынына дайындығымен танысты. Ауылдық округ әкімі Нұрлан Үмітқазыұлымен бірге жағдайды саралап, алдын алу шараларын пысықтады.
Ауылдағы барлық су өткізгіш құбырларды қардан толықтай тазарту бойынша нақты тапсырма берілді. Табиғи апаттардың алдын алу – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан жауапты органдармен бірлесе отырып, қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстаймыз.-деді.
Теректі және Шұғылбай ауылдарынан кейін Ұлы Отан соғысының Батыры атындағы Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне барып, су тасқынының алдын алу шараларын бақылады. Алдымен Преображенка ауылында су өткізгіш құбырлардың жағдайымен танысып, ауылға кіреберістегі көпірдің техникалық ахуалын қарады. Тексеру барысында көпірдің астыңғы жағы шайылу қаупі бар екені анықталды. Аталған көпір облыстық маңызы бар автомобиль жолында орналасқандықтан, аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 7 наурызға дейін Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ресми хат жолдау және көпірдің астыңғы бөлігін және жағасын нығайту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Одан кейін Үкілі қыз ауылына барып, ауылға кіреберіс көпірдің жай-күйін тексерді. Сонымен қатар Тәлмен өзенінің жағалауының қазіргі жағдайын көріп, өзен арнасын бекіту және көпірді қалпына келтіру бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.
Жұмыс сапары барысында Әділет Нұрсағатұлы көктемгі су тасқынының алдын алу – басты міндеттердің бірі екенін баса айтты. Осыған байланысты барлық жауапты органдарға қажетті жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау жөнінде тапсырмалар беріп, барлық жұмыстар өзінің бақылауында екенін ескертті.
Фархат Маратұлы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.