Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпекті ауданындағы «Арнаулы әлеуметтік көмек орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызілікті қарт адамдарға арнаулы көмек көрсету қызметін атқарады. Олардың қызметін алушылар қашанда риза.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның белді мүшелерінің бірі. Олар қашанда қатардан қалған емес. Орталық қызметкерлері қандай мереке болсын, олар үшін қызықты кездесулер ұйымдастырады. Олар мұндай кездесулерде өз өнерлерін ортаға салып, би билеп, ән айтады. Қолөнермен шұғылданып, моншақтан тоқыма тоқу өнерін меңгергендері де бар. «Әрине, мұның барлығын біз тәлімгерлерден үйренеміз», - дейді олар.
Толығырақ...Ертеректе ағаштан түйін түйген ұсталар мен темірден көздің жауын алатын небір әсем бұйымдар соғатын зергерлер ел ішінде көп болған ғой. Ғылым мен техника жетістіктері қарыштап дамыған бүгінгі заманда тұрмыс қажетін өтейтін заттардың зауыт, фабрикаларда шығарылуына байланысты ұсталық өнердің өрісі біршама тарылғаны рас. Тіпті, кей жерлерде мүлдем жоғалып кетті десек те, артық айтқандық бола қоймас. Дегенмен, атадан балаға мұра болған осынау өміршең өнердің туын жықпай, көненің көзіндей қастерлеп, дамытып келе жатқан ұсталар мен зергерлер әлі де бар. Солардың бірі – Көкпекті ауылының тұрғындары Кошелевтар отбасы.
Сонау қола дәуірінен бері ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ерекше дарыны мен қабілеті бар, темірдің бабын білетін жандардың ғана қолынан келетін ұсталық өнер де қанмен беріледі екен. Ұсталар отбасында туып, ұстахана жанында ойнап өскен Светлана бұл өнерге басында бей-жай қарағанмен, бойындағы тулаған қаны ата кәсіппен айналысуға жетелеген. – Ұсталар отбасында тәрбиеленсем де, темір соғып жатқан әкемнің кәсібіне мән берген емеспін. Менің аталарым да осы кәсіппен айналысқан екен. Бүгінгі күні ұсталықтың үлкен өнер екеніне әбден көзім жетті. Осы іспен айналысар алдында көп ойландым. Себебі, менің кәсіби білімім де, тәжірибем де болған емес. Ұсталар отбасында өссем де ұстаханаға аса қызығушылық танытып, темір соғып, құрал-саймандарын ұстап көрген емеспін. Бірақ ата кәсіп өзіне тартпай қоймайды екен, - дейді Светлана Кошелева.
Өз үйлерінің алдында орналасқан ұстаханада небәрі екі адам таңның атысы, күннің батысы темірді баптаумен уақыттарын өткізеді. Олардың біреуі Светлана болса, екіншісі ұста қыздың өмірлік жан серігі Александр. Ұсталық қабілет Александрға ата қанымен келмесе де, бүгінгі күнге дейін өз еркімен
Толығырақ...Құрметті мұсылман бауырлар, көкпектіліктер! Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді. Сабырлық, қайырымдылық, ме-йірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылтын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.