Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Ағымдағы жылдың 23 қараша күні, Тәуелсіздіктің мерейтойы аясындағы 25 жұлдызды күн Көкпекті ауылында өткен «НұрОтан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – тұнық кәусәр» атты интеллектуалдық сайысымен жалғасын тапты.
1993 жылы қараша айының 15 күні ұлттық валюта теңге қаржы нарығында айналымға енді. Елбасының жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Теңгенің енгізілген сәті – Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең айқын парақтардың бірі. Бұл тарихи шешуші оқиғаның еліміздің бүгіні мен болашағы үшін бағасы зор екендігі баршамызға мәлім.
Биыл төл теңгеміздің 23 жылдық мерейлі мерекесі. Төл ақшаның айналымға енуі жас мемлекеттің экономикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз етті. Төл теңгенің туған күні Көкпекті ауданында да атаусыз қалмады. Қараша айының 16 жұлдызында ұлттық валюта күні және қаржыгерлер мерекесіне арналған салтанатты шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткізілді. Оған аудан басшылығы, барлық бөлім, мекеме басшылары мен есепшілер және осы саланың ардагерлері қатысты.
«Балапанды күзде санайды» дегендей, орақ науқанының ағымдағы қорытындысы да белгілі бола бастады. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының алған өнімі туралы мәліметті аудандық газет редакциясына берді. Күнбағыс 47658,8 мың.гектарға егілген Әзірге бидай мен күнбағысты ору жұмысы ғана аяқталған жоқ. Себебі, күнбағысты күздің қара суығында жинайды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.