Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Жас. Жалын. Жаңғыру» - осындай атаумен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған Көкпекті орта мектебінде VІІ жастар форумы өтті. Жастар форумына құрметті қонақ ретінде аудан әкімі Асхат Смаилов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Мұқашев, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, ауданның түрлі саладағы үздік жастар көшбасшылары, ауылдық округтердің жастар саясаты мамандары және əр салада жұмыс істейтін жастар белсене қатысты.
Бірнеше бөлікті қамтыған форум жұмысының бірінші бағыты, акт залының фойесіндегі жастар саясатын іске асырылу барысы туралы көрмесінен бастау алды. Көрмеде білім беру, спорт, кәсіпкерлік, мәдениет және өнер, ұлттық спорт жобасы, Самар ауылындағы агротехникалық колледжі жұмысы таныстырылып, осы саланың жетістіктері көрсетілді. Форумға жиналған қонақтар ауданның білім, спорт, кәсіпкерлік, мәдениет, ат спорты, Jas Proekt жобасы бойынша теледидар арқылы көрсетілген презинтацияны тамашалады. Тұңғыш Президент күні мерекесіне орайластырып ұйымдастырылған VІІ жастар форумының салтанатты ашылу рәсімі кадет сыныбының сарбаздары мемлекеттік туды әкелуімен және аудан жастарының мемлекеттік Әнұранды патриоттық сезімде шырқауымен басталды. Форумның негізгі бөлімінде аудан әкіміне үздік жастар таныстырылды. Ал, жастар орталығының директоры Азамат Қалықов жастар саясатын іске асырудағы проблемалар, кемшіліктер және оның шешу жолдарын қарастыру тақырыбында есеп берді.
Толығырақ...Аудан әкімі Асхат Смаилов дүйсенбі 19 қараша күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар аудан басшысына жер бойынша, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бірқатар өтініштері мен арыздарын жеткізді.
Аудан әкiмi Асхат Сайдахметұлы Смаилов белгiленген кесте бойынша тұрғындармен жеке қабылдау өткiздi.
Алғаш болып жеке қабылдауға жазылған аудан тұрғыны зейнеткер Төлеубек Байтұров ауылдағы мал жайылымындағы тәртіптің бұзылғанына шағымданды. Төлеубек ақсақалдың өтiнiшiн мұқият тыңдаған аудан басшысы сала мамандарымен ақылдаса отырып, қолдан келгенше жәрдем жасайтынын жеткiздi.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.