Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Биыл біздің өңірдің қысы ерекше болып тұр. Қар әлденеше жылда бір рет осындай қайталанатын дағдысымен қалың жауды. Ауданда тіпті төтенше жағдай жарияланды. Бірақ, ақпан айы ауа бастаған соң алдағы көктемнің қалай келетінін болжау қиын болғандықтан, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы алдағы күндердің іс- қимылын жобалау үшін алқалы жиын өткізді. Жиынға аудан әкімі Р.Сағандықов төрағалық жасады.
Ауданның он жеті ауылдық округінің үлкен бөгеттері бар, өзен суы жақын орналасқан, тау етегіндегі ауылдарға көктемгі тасқын судан қа-уіп бар. Қазіргі жиналған мәліметтер бойынша аудандағы қардың қалыңдығы орташа есеппен 128 см, жердің үстіңгі қабатының қату тереңдігі 70 сантиметр. Алдағы наурыз айының басында ауданда «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Осы және алдағы тасқын су қаупін алдын алу шаралары туралы хабарламаны жасаған төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман Қ.Әңкебаевтың келтірген мәліметтері осындай. Баяндамашы наурыздың бірінен бастап ауданның барлық ауылдық округтерінде кезекшілік ұйымдастырылады деді. Сонымен бірге, қарғын су бөгетсіз өтуі үшін республикалық маңыздағы автокөлік жолдарындағы 9 көпір, 69 су өткізгіш құбыр, облыстық маңыздағы автокөлік жолындағы 15 көпір, 165 су өткізгіш құбыр және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарындағы 6 көпір мен 127 су өткізгіш құбыр наурыз айының 5-не дейін қардан тазалануы тиіс. Ауылдық округтердегі тазалануы тиіс су өткізгіш құбырлар саны 161. Осы жұмыстарға жауапты органдарға хат жолданып, ескерту берілген.
Қазақ ұғымында аурухана, емхана, тойхана, кітапхана, асхана, шайхана, тағы басқа толып жатқан «ханалар» бар екені бүгінгі таңда белгілі. Сол көп ханалардың ішінде адам жанын азықтандыратын екі ғана «хана» бар, олар кітапхана, екіншісі қазіргі әңгіме еткелі отырған қатымхана. Көкпектіліктер үшін 250 адамға арналған қатымхана құрылысы қолға алынды. Осы қатымхананың құрылысы қалай өтуде, қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы орталық мешіттің бас имамының міндетін атқарушы Кенжебек Ахметқалиев баяндап берді.
- Неше жылдан бері көкейде жүрген ауыл тұрғындарының түйінді мәселесі шешімін тапты. Жүрегімізде мұз болып қатқан ауыр сезімді ерітіп, бойымызға имандылық дәнін еккен мұсылман бауырларымызға мың да бір рақмет айтқым келеді. Тәуекелге бел буып, барлық мекемелерге, жеке кәсіпкерлерге «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақсатта хаттар жолдаған едік. Құдайға шүкір, мейірбан мұсылман қауымның арқасында осы игі бастама басталып кетті. Қазіргі іргетасын қалауға қаражаттты әу баста Алматы қаласындағы Қажы апа 200 мың теңге, Серикқали Қажы 100 мың теңге қаражат берген болатын. Ал, ауылымыздың азаматы Санат Батанұлы 100 мың теңге қаражат берді. Сонымен қатар, мешітке берген пітір садақаның 500 мың теңгесі қосылған қаражатпен қатымхананың құрылыс жұмыстары басталып кетті.
Қатымхана салу жұмыстарында Ерсін есімді құрылыстың қыр-сырын білетін жігіт ағасының басқаруымен, Дәулет, Жүніс, Ернат, Шахнияз сияқты ер азаматтар еңбек етуде. Бұл қатымхананы заманауи талапқа сай тайқазан, ыдыс-аяқ, керекті жиһаздармен жабдықтауды ойлап отырмыз. Бұл, әрине, қаражатқа байланыс-ты, барлықтарыңыздан тағы көмек көрсетеді деген үміттеміз. Қатымхананың құрылысын, құдай қаласа, 27 қыркүйекке, яғни құрбан айтқа дейін бітереміз деп жоспарлаудамыз. Пайғамбарымыз: «Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген». Ендеше, мешіттің жанында салынатын қатымханамыз имандылықтың темірқазығына айналсын. Халықты имандылыққа ұйытатын, елдің береке-бірлігін баянды ететін аталмыш қатымхананы салуға ат салысқан азаматтарға Алланың нұры жаусын! - деді Кенжебек Қалиақпарұлы.
Ең бастысы, біріміз бастаған игілікті істі екіншіміз сабақтастырып, үшіншіміз тереңдете білсек, ел іргесінің бүтіндігіне өз тұрғымыздан атсалысқандығымыз. Туған жерлеріне тағзым етіп, ауылдарына түрлі нысандар тұрғызып беріп жатқан азаматтарымыздың да ең әуелгі ниеті сол болса керек.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
8 тамыз күні Самар ауылындағы Мәдениет үйінде ауданымыздың жол-құрылыс саласында еңбек ететін құрыш білек құрылысшылар мен сала ардагерлері бас қосты. Оларды құттықтауға басқа да мекеме, ұжым өкілдері қатысты. Өйткені, олардың барлығының да құрылысшыларға алғысы шексіз. Аудан мен ауыл көлеміндегі барлық әлеуметтік, шаруашылық, өндірістік нысандар құрылысшылардың еңбегімен тұр-ғызылғаны белгілі.
Бүгінгі мереке иелерін аудан әкімінің атынан оның орынбасары К.Смаилова құттықтады. – Сіздердің еліміздің экономикасына қосып отырған үлестеріңіз орасан зор. Құрылысшы - мәртебелі мамандық. Бүгінгі күні еліміздегі тұрғызылып жатқан алуан түрлі құрылыс нысандары ауыл, қалаларымызға көрік беріп қана қоймай, халық қажетіне қызмет өтуде. Еліміздің бас қаласы Астананың, ЭКСПО көрмесінің құрылысы да сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.