Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяу-лы қарттарымыздың арқасы. Жыл сайын қазан айының 1 жұлдызында дәстүрлі аталатын қарттар күні - саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - апаларымыздың төл мерекесі.
Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Тағдырдың ауыр сындарынан мүдірмей өтіп, соғыс жылдары мен ашаршылық азаптарын бастан өткерген ардагерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпаққа үлгі болып, оларды қазақстандық патрио-тизмге тәрбиелеуде. Олардың өмір жолдары бү-гінгі ұрпаққа таптырмас қазына.
Толығырақ...Қыркүйек айының 18 жұлдызында аудан орталығы еңбек майданына айналды. Қолдарына күрек-кетпенін ұстаған мекеме және ұйым қызметкерлері округ әкімшілігі ұйымдастырған сенбілікке шықты. Тазалық жасағанды табиғаттың өзі құп көргендей, күннің көзі де сол күні ашылып сала берді.
Аудан орталығы қай жағынан да басқаларға үлгі болып, көш бастау қажеттігін, осы тұрғыда тазалық жағы да шет қалуға тиіс еместігін ауылдық округ әкімшілігі ұғынғалы қашан. Сенбілікке шығып, ауылды мұнтаздай ету – туған ауылымызға деген жылы сезімін білдірудің бір түрі екенін айтудан үлкендер жалығар емес. Тек соны қаперіне алып, жұртпен бірге ауласын тазалауға шығатын тұрғын қайда? Қашан мектеп немесе белгілі бір мекеме ұжымы келіп ауладан шығарып тастаған қоқысты жинап кетеді деп тосып отыру әдеті сүйегіне сіңген. Тазалық жұмыстарына үлкен-кішінің белсене атсалыса қоймауы да сондықтан.
- Аудан бойынша санитарлық тазалықты сақтау мақсатындағы «Таза өлке» акциясын ұйымдастырып, өткізу жөніндегі ұсыным хаттар және аумақтарды бөлу кестесі ауылдық округ әкімдеріне жеткізілген. Күнделікті телефон және әлеуметтік желілер арқылы ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында акцияны тиісті деңгейде өткізу жөнінде еске салулар жасалып отыр. Акция шаралары 11 қыркүйекте бас-тау алды. Барлық жерде жұмыстар жүргізілгенімен оның қарқыны төмен. Әлі де болса, ортақ істен ауыл тұрғындары тыс қалып келеді, - дейді ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Далилов.
Қыркүйек айы Көкпекті ауданында егін орағы науқанының қызған шағы. Диқан қауымы жаңа астықты жинап алу қамына кірісіп кетті. Аудан бұл науқанға бірсыпыра дайындықпен келді. Жаңа астықты жинауға көмек көрсетіліп, шаруаларға арзандатылған жанар-жағар май берілді. Ендігі міндет осы науқанды ұйымдастырушылардың іскер-лігінде. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің дерегі бойынша бірқатар дәнді дақылдар 100 пайыз жиналған.
- Көктемде 829 гектар алқапқа егілген көкнайза толық жиналды. Гектарына 12 центнерден айналған дақыл былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділігін ұлғайтты. Бидай 44 мың гектер орылды. Бұл жалпы бидай алқабының 93 пайызын құрайды. Орташа өнімділік 13 центнерден. Сонымен бірге, қазірдің өзінде арпа, сұлы, тары, қарақұмық жинау 100 пайыз аяқталды. Барлығы дәнді дақылдардың 94 пайызы орылды. Астық түсімі жақсы деуге болады, - дейді ауданның бас агрономы.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.