Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қыркүйек айының 18 жұлдызында аудан орталығы еңбек майданына айналды. Қолдарына күрек-кетпенін ұстаған мекеме және ұйым қызметкерлері округ әкімшілігі ұйымдастырған сенбілікке шықты. Тазалық жасағанды табиғаттың өзі құп көргендей, күннің көзі де сол күні ашылып сала берді.
Аудан орталығы қай жағынан да басқаларға үлгі болып, көш бастау қажеттігін, осы тұрғыда тазалық жағы да шет қалуға тиіс еместігін ауылдық округ әкімшілігі ұғынғалы қашан. Сенбілікке шығып, ауылды мұнтаздай ету – туған ауылымызға деген жылы сезімін білдірудің бір түрі екенін айтудан үлкендер жалығар емес. Тек соны қаперіне алып, жұртпен бірге ауласын тазалауға шығатын тұрғын қайда? Қашан мектеп немесе белгілі бір мекеме ұжымы келіп ауладан шығарып тастаған қоқысты жинап кетеді деп тосып отыру әдеті сүйегіне сіңген. Тазалық жұмыстарына үлкен-кішінің белсене атсалыса қоймауы да сондықтан.
- Аудан бойынша санитарлық тазалықты сақтау мақсатындағы «Таза өлке» акциясын ұйымдастырып, өткізу жөніндегі ұсыным хаттар және аумақтарды бөлу кестесі ауылдық округ әкімдеріне жеткізілген. Күнделікті телефон және әлеуметтік желілер арқылы ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында акцияны тиісті деңгейде өткізу жөнінде еске салулар жасалып отыр. Акция шаралары 11 қыркүйекте бас-тау алды. Барлық жерде жұмыстар жүргізілгенімен оның қарқыны төмен. Әлі де болса, ортақ істен ауыл тұрғындары тыс қалып келеді, - дейді ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерлан Далилов.
Халықты тазалыққа шақыру, сенбілік жұмыстарын ұйымдастыруда жастар қауымы белсенділік танытып бағуда. Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Тазалықты сақтайық - таза өмір бастайық» атты экологиялық акциясы өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты ауыл тұрғындарының назарын тазалық жұмыстарына аудару. Жарбол Алпысбаев, Әлижан Артықпаев, Бірлік Бексұлтанов сынды белсенділер тобы әрбір үйдің қақпасын қағып, аула иесін тазалыққа шақырды. Арнайы жасалған үлестірме парақтарын да табыстады. Әдемі безендірілген постерлер сауда нысандарына, көп қабатты үйлердің ғимаратына, халық көп жиналатын қоғамдық орындарға жабыстырылды. Жастардың бұл әрекеті тұрғындарды бей-жай қалдырмас деген үмітіміз үлкен. Жас буын өкілдерінің өзі де күзгі сенбіліктердің бел ортасынан табылып жатса нұр үстіне нұр болмақ.
Ауылды тазалап, көріктендіруде мектепте сабақтың басталуымен оқушылардың да көп көмегі тиетінін көріп жүрміз. Бұл жолы да ересектерге қарағанда балалардың саны басым болды. Қысы-жазы өткізіліп жатқан тазалық шаралары мен сенбіліктерде кәсіпкерлер қауымының қозғала қоймайтыны жұртшылыққа мәлім. Бұл туралы сән мәрте айтылды. Өкінішке орай, нәтиже жоқ. Оған бір ғана мысал – «Таза өлке» акциясы аясындағы сенбіліктерде бір де бір шағын және орта бизнес өкілдерінің бой көрсетпеуі. Сонда кәсібін өркендетіп, табысын тасытып отырған туған өлкенің тазалығы олар үшін маңызды емес пе? Оларға неге сонша еркіндік берілген, әлде округ әкімшілігі өкілдері сөзінің өтпегендігі ме?!
- Бар жақсылық атаулы тазалықтан бас-тау алады, - дейді ұжыммен сенбілікке шығып, Абай көшесінің бойын тазалап жатқан орталық аурухананың шаруашылық жетекшісі Мұхтар Испаев. - Жалпыхалықтық сенбілік туған ауылымыздың әдемілігі мен сән- салтанатын арттыратын, тазалығы мен тәртібін қалыптастыратын игі үрдіс. Осы тазалық шарасына жүрек қалауымен шыққан әріптестерім өз істері арқылы туған өлкеге деген ықылас-ниетін, құрметін білдіріп жатыр.
Денсаулық сақшылары тазалықтың мәнін жете түсінетіндерін тағы бір мәрте ұғындырды. Аурухана ұжымы жиналған қоқысты бір жерге үйіп кетпей, арнайы шақырылған ГАЗ-53 жүк көлігімен шығарып жатыр. Орталық аурухана ұжымымен бір қатарда бұл күнгі сенбілікте Қорғаныс бөлімі, Көкпекті орта мектебі, жасөспірімдер және балалар спорт мектебі, туберкулезге қарсы емхана қызметкерлері аянбай тер төкті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі басшыларының жетекшілігімен қарқынды жұмыс атқарды.
Балық басынан... Расымен бір таңғалатындай жағдай. Округ әкімшілігі сенбілікке шықпаған мекемелер туралы берген деректері бойынша қарама-қайшы пікір туындайды. Бұл сәулет, құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Б.Бекенов), Коммуналды шараушылық (М.Матанов) мекемелерінің сенбіліктен тыс айналғаны. Сондай-ақ, Статистика басқармасы, Қазақтелеком, Әділет басқармасы да тазалық шараларына қатыспаған.
Ендігі бір көз сүріндірер тұс көпқабатты үйлер аумағындағы күнделікті тұрмыс қалдықтарының бейберекет жерде шашылып жатқандығы. Сенбілікке қатысушы қауымның тарапынан да көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында сенбілік шаралары ұйымдастырылса деген ұсыныстар болды. Бұл, сенбілік жұмыстарының негізгі салмағы әлі алда деген сөз.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.