Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы: «Азаматтарға есеп беретiн жергiлiктi полиция қызметiн құру қажет. Бұл қызмет қоғамдық тәртiптi қорғауға, тұрмыстық қылмыстармен күресуге, жол-патруль қызметiне жауапты болуы тиiс»,-деген еді. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жергілікті полицияның қызметі басталды. Көкпекті ауданында құрылған бұл жаңа бөлімге Ферхат Равильұлы Мавлютов жетекшілік етеді. Жаңа қызмет түріндегі басшылыққа кіріскен лауазымды тұлғаның әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз:
- Заң қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың профилактикасын нығайту, ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімділік деңгейін арттыру және олардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін қалыптастыру бөлігінде бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.
Жергілікті полиция қызметі туралы заң жоба-сының концепциясына сәйкес, оның құрылымына келесі бөлімдер кіреді: учаскелік полиция инспекторы және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, аймақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі, тұрғы-лықты жері жоқтарды және әкімшілік жаза-ланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесі.Бүгінде ішкі істер органдарын оңтайландыру жолымен жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметін ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Бұл қызмет ең көп бөліністер топтастырылған әкімшілік полиция аясында іске асырылуда. Бұдан бұрын да жергілікті әкімдіктерге Қазақстан Республикасының «Жергі-лікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңдардың аясында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті жүктелген болатын.
Тассай ауылындағы кездесу халық пен билік арасындағы келелі кеңеске ұласты. Мәдениет үйінің ғимаратында өткен кездесу жиыны жинақы әрі екіжақты пікіралмасу, сұрақ-жауап форматында өрбіді.
Ауылдық округ әкімі Ержан Мазыбаев халық алдында есептік баяндама жасады. Атқарылған істерді қорытындылап, алдағы жоспарлармен таныстырды. Ынтымағы жарасқан Тассай ауылының халқы кіндік қаны тамған туған жеріне деген ерекше қамқорлығымен ерекшеленеді десек артық емес. Соңғы жылдары ауылдан шыққан азаматтар туған жерінің гүлденуіне атсалысу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. «Тассай азаматтары» деген атпен қоғамдық қауымдастық құрылып, талай игілікті істерді жүзеге асыруда. «Тұғырлы Тассай» атауымен жыл бойында кешенді жобалар жүзеге асырылды. Тассайлық азаматтардың мызғымас бірлік-берекесі, туған жерге деген махаббаты басқа ауылдарға үлгі.
Ауыл – қашан да қазақтың алтын бесігі, ұлттың тозбас темірқазығы. Ал ауыл ахуалының жақсаруы тұрғындар үшін де жақсылықтың нышаны болмақ. Ауылдың әрбір мәселесі шешімін тауып, мұндағы елдің еңсесі көтеріңкі болса, болашақ та баянды. Ежелгі мекеннің мұңы тарқаса, бұл да егемендіктің ерен көрінісінің бірі.
Ауыл тұрғындары үшін ауыз су, жол мәселесі бірінші орында. Жыл сайын мемлекет тарапынан ауылдарды көтеру мақсатында бағдарламалар дайындалып, тиісті қаражат көзі қарастырылуда. Мұндай игі жұмыстар бүгінде Көкпекті ауданында да атқарылып, әкімдік тұрғындардың тілегін орындап келеді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.