Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяу-лы қарттарымыздың арқасы. Жыл сайын қазан айының 1 жұлдызында дәстүрлі аталатын қарттар күні - саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - апаларымыздың төл мерекесі.
Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Тағдырдың ауыр сындарынан мүдірмей өтіп, соғыс жылдары мен ашаршылық азаптарын бастан өткерген ардагерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпаққа үлгі болып, оларды қазақстандық патрио-тизмге тәрбиелеуде. Олардың өмір жолдары бү-гінгі ұрпаққа таптырмас қазына.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету азамат-тық парызымыз деп білетін көкпектіліктер бес мыңға жуық зейнеткерін ардақтап, аңыз тұлға 13 бірдей соғыс ардагерлерін әрқашан зор мақтан етеді. Ардагерлер арасында тыл еңбеккерлерінің де алатын орны ерекше. Олардың саны ауданда бес жүзге жуық. Әрбір ардагердің ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мен еңбегі ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасар өсірді. Қажырлы еңбегінің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпағына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес. Көптеген ардагерлер әлі де қатардан қалмай ардагерлер кеңесінде, қоғамдық ұйымдарда белсенді қызмет атқарып жүр.
Жыл сайын кең ауқымда аталатын Қарттар күні мерекесі аудан көлемінде ұлағатты шаралармен бастау алды. Барлық округтерде ардагерлердің құрметіне мерекелік іс-шаралар, құрмет белгісі жасалды. Аудан орталығында өткізілген «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыптық кеште қариялар бас қосты. Мәдениет үйінде мерекелік дастархан жайылып, сый-құрмет, қошеметтің барлығы дария кеуде қарттарға арналды.
Мерекелік дастархан басында шүйіркелесіп, марқайып қалған ардагерлер қауымын аудан әкімі Р.Сағандықов құттықтап, жылы лебізі мен ақжолтай тілегін жолдады.
- Бүгінгі өскелең ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін Сіздерге деген шынайы алғысымды білдіремін. Отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз сарқылмасын. Жүректен шыққан ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар. Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді Рамиль Нығметжанұлы.
Аудан басшысы қарияларға деген аса зор құрметі мен ыстық ықыласын арнайы мерекелік сыйлығымен білдірді. Кеуделерін қуаныш кернеп, жүзінде шаттық оты ойнаған ардагерлер де шешіліп сөйлеп, өткен күндерден естелік бөлісті. Ауызы дуалы, сөзі берекелі, ойы терең, ақылы телегей теңіз жандардың ғибратты әңгімесін естудің өзі бір ғанибет. Бұл күні қариялар қауымы бір жасап қалды.
Тыл ардагерлері Қ.Балшынов, Т.Жазнаев, Т.Алипов, Е.Кабланов, Н.Мусина, С.Нұрғалиев, К.Ахтиянова, А.Барамбаев К.Байжуменова, К.Ибраев, Ш.Габитов қиын жылдардағы халықтың қайраты мен туған өлкені өркендетуге деген шексіз сүйіспеншілігі туралы сөз қозғады. С.Сыдыкова, С.Солтанжарова, А.Бектасов сынды ардагерлер өмірлік тәлім-тәжірибесімен бөлісті. Ұзақ жылдар денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп, ел-жұрттың ақ алғысына бөленген К.Кунапьянов, А.Нұрғожина, Л.Клейн, Р.Дюсембаеваның есімдері әрдайым зор құрметпен аталады. Кәсіби мереке қарсаңында байырғы ұстаздар Г.Орсаева, С.Чалова, Т.Шнайдер ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек еткен жылдарын сағынышпен еске алысты. Көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері К.Койчубаева, А.Сейсембаева, Б.Раздықбаева, Г.Шпекбаева, Т.Қадырханова, Н.Тюлепбергенова қандай да болсын сый-құрметтің баршасына лайық абзал жандар. Сонымен бірге, бұл күні А.Оразғалиева, З.Коктаева, М.Омарова, З.Машенская, М.Байғазинова, К.Аубакирова, Г.Оспанова, Т.Қайырханов сынды түрлі сала ардагерлері мерекелік шараның төрінен лайықты орын алды.
Бұл күні аудан басшылығының құрметіне бөленген қариялардың жүзінен қуаныш пен ризашылықтың лебі байқалды. Себебі, қарттар қайта-қайта өз тараптарынан аудан басшысына өздеріне көрсеткен құрметі мен сый-сияпаты үшін ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Жалпы, бұл қуанышта бала жүректі қариялар ауданның өнерпаздары орындаған ән мен күйдің әуенінде тыныстап, көңілді тарқасты.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.