Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институцио-налдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жос-пары - 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты құжатының 55-ші, 60-шы және 61-ші қадамдары қайта өңдеу саласын, сүт өндірісі мен ет өндірісін дамытуға бағытталған. Біздің ауданда бұл бағыттардың екеуін, яғни қайта өңдеу және ет өндірумен айналысатын бірден-бір шаруашылық – тәжірибелі маман Есенбек Дәлелұлы жетекшілік ететін «Мәмбет» шаруа қожалығы жүзеге асыруда.
Е.Мәмбетов жетекшілік ететін шаруашылық дәнді және майлы, техникалық дақылдарды өндіріп, оларды өздерінде ашылған қайта өңдеуші цехтарда өңдейді, мал шаруашылығы және мал азығына қажетті құрама жем өндіреді, сатады. Өндірілген шикізаттың 75% шаруашылықтың қайта өңдеуші нысандарында өңделеді. Шаруашылық облыстың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Қазіргі күні іргелі шаруашылыққа айналған шаруашылық 2 868 гектар алқапты игеріп отыр, оның ішінде 1 322 га - егістік, 1 432 га - жайылым, 96 га - шабындық.
Толығырақ...Аудандық жастар орталығы өзі құрылғалы бері көптеген әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып келеді. Жастар қай кезде де жаңа бастамалар мен тың ойлардың иелері. Оған дәл осынау көңілді кештен соң көзіміз анық жеткендей болды. Анығына тоқталсақ, ағымдағы жылдың 17 қазанында аудандық мәдениет үйінде Көкпекті жастар орталығының ұйымдастыруымен «Мен Қазақстан елінің патриотымын атты» флеш-моб болып өтті.
Негізгі қатысушылары мектеп оқушылары, ауыл жастары болған бұл сайысқа Шұғылбай, Құлынжон, Биғаш, Тассай, Көкпекті, Үлкенбөкен, Преоброженка, Толағай ауылдарынан келді.
Толығырақ...Сіздерді рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - біздің елімізде тұрып жатқан және Қазақстанның біртұтас халқы болып табылатын барлық ұлт өкілдерінің ұстамдылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық татулығын қамтамасыз етуге бағытталған басты мерекелеріміздің бірі. «Бейбітшілік пен татулық - Қазақстан халқының басты байлығы», - деп атап көрсеткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бұл күнді еліміздегі діни тұрақтылықтың бір нышаны ретінде ұлықтауы тектен тек емес. Елімізде тұрып жатқан Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыз халықаралық қауымдастықта ерекше құрметке ие.
Түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруге жағдай жасап, осылайша ұлтаралық, дінаралық қатынастардың сақталуына жол ашып отырған біздің мемлекетіміз әлемнің кез-келген еліне үлгі бола алады.Бұл көрініс біздің көпұлтты ауданымызда да орын алған. Біз жақында ғана аудандық Келісім үйін аштық. Бұл біздің ауданның жұртшылығының бірлігін одан әрі нығайта түсуге ықпал ететіні сөзсіз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Толеранттылық – біздің жанымыздағы диалогқа дайындық. Біздің қалаларымыздағы, аудандар мен ауылдардағы мешіттердің, православия храмдарының, костельдің және синагоганың бір-бірімен қатар тұруы жеріміздің бейбітшілігі мен келісімінің айқын көрінісі» дегенін қаперге алып, осынау атаулы күн бірлік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен гүлденудің мерекесі ретінде атап өтілуі қажеттігіне назар аударайық. Күрделі міндеттерді шешудің негізі бірлікте екендігін жадымыздан еш шығармай, достық пен келісім арқылы ғана Қазақстанды биік белестерді бағындыратын еңселі мемлекетке айналдыра аламыз.
Еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді одан әрі нығайта берейік. Ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында әрдайым татулық пен келісім, бейбітшілікке, бақ-берекеге толы болсын! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт, бейбітшілік және игілік тілейміз. Қазақстан халқының бірлігін, сенімімізді нықтайтын, үмітімізді ұштайтын ортақ салтанат мерекесі құтты болсын!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.