Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Жаздың бір күні - қысқа азық. Ауданымыздың мал ұстайтын қожалықтары мен жеке шаруалары шөп шабу науқанында қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Алдағы қысқа түсетін малға қажетті азық дайындауда шаруалар ширақтық танытуда. Төрт түлігінің жайын ойлаған ауылдағы ағайын шөп қылтия шабындық іздейтіні белгілі. Биылғы жылы да аудан шаруалары қыстың қамына ерте кірісіп, ауа райының қолайлылығын пайдаланып, маусым айының басынан бастап шөп жинау науқанына кірісіп кетті.
Толығырақ...Тамыз айында ауданымызда 3 күнге жоспарланған «Толағай сұлтаны 2020» халықаралық мәдени – спорттық сайысы өткізіледі. Бұл туралы 27 ақпан күні Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смайлов ауданның қоғамдық кеңес мүшелерімен, ақсақалдар алқасы және іргелі шаруа қожалық басшыларымен, мекеме және ұйым басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен кездесу барысында айтылды.
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен кездесуде қаралған мәселе – «Толағай Сұлтаны - 2020» халықаралық сайысына дайындық шаралары. Биыл екінші мәрте өткізілетін халық-аралық деңгейдегі мәдени-спорттық шараны үйлестіруші Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова кездесуге арнайы келген екен.
Кіріспе сөз алған аудан әкімі Асхат Смаилов бірінші кезекте әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар келіп, алыс-жақыннан қадірменді қонақтар мен көрермендер ағылатын шараның маңыздылығына тоқталды. – Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Толағай сұлтаны 2020» мәдени-спорттық шарасын лайықты деңгейде өткізу Көкпекті ауданына үлкен жауапкершілік жүктейді. Былтырғы жылы өткізген тәжірибемізді ескере отырып, кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, халықаралық деңгейге сай кең ауқымда атқару міндет. Сайысқа қатысушы әрбір үміткерге қолайлы жағдай жасау, шақырылған қонақтарға лайықты құрмет көрсету әрбір көкпектілік азаматтар атсалысатын шаруа. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, өскелең ұрпақты елжандылыққа, батырлыққа тәрбиелеуге бағытталған жобаны жоғарғы деңгейде атқару елдігімізге сын, - деді аудан басшысы.
Соғыс біздің планетамызда ерте заманнан бері тоқтаусыз жүріп жатты. Ал соғыс жолы үрейге толы. Бұған дейінгі кез келген соғыстай Ауған соғысы да тарих қатпарына енді. Ешкімге де ешқашан жарияланбаған, ерлік дас-таны мен халық қайғысын арқалаған Ауған соғысы Ұлы Отан соғысына қарағанда 2 есе ұзақ уақытқа созылды.
Жат өлкедегі қатыгез соғыс біздің халқымызға орны толмас қайғы-қасірет мен мұң-зар әкелді. Бірақ Ауғаныстанда кеңес жауынгерлері батылдық, төзімділік, мейірбандық көрсете білді. Сол соғыс батырларының есімдері еліміздің жылнамасынан мәңгілікке өшпестей орын алды.
Ауған соғысының аяқталғанына да 31 жыл болыпты. Өз отбасына оралған сарбаздар мен офицерлердің жарасы да жазылып, елінің даңқты ұлдарына айналды. Бірақ сол соғыс туралы естеліктер әлі жадымызда. Бұл соғыс оқиғаларын жылдар да, қашықтықтар да, адам жады да өшіріп тастауға қауқарсыз. Ерлік аңыздары ешқашан ескірмейді, себебі Ауған жерінде соғысқандар мен олардың қанды естеліктері жадымызда. Қаза болғандар туралы қасиетті естеліктерді жолдастары, отбасылары мен жақындары мәңгі есінде сақтайды.
2020 жылдың 14 ақпанында Самар ауылының Ауған соғысы құрбандары саябағында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай қаза тапқан жауынгерлерге арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кездесуге осы бір отты аймақта өткен дабыл мен қатерге толы жылдарды артта қалдырып, Ауғаныстан жеріндегі жауынгерлік борышын өтеп елге оралған Көкпекті және Самар ауылдарының соғыс ардагерлері, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, колледж студенттері, мектеп оқушылары шақырылды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.