Білім күні - бұл алғашқы қоңырау мен толқуларға толы күн. Бұл мектеп табалдырығын алғаш рет аттағандар үшін көптен күткен күн. Бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары, әжелері мен аталары осы бір қуанышты әрі жарқын мерекені асыға күтті.
Бірінші қыркүйек - бұл 1 сынып оқушылары үшін үлкен мектеп жолының басы, 5 сынып оқушылары мен 10 сынып оқушылары үшін жаңа саты болса 11 сынып оқушылары үшін соңғы оқу жылының басталуы болды. Соңғы рет 11 сынып алғашқы қоңырау мерекесіне қатысады.
1 қыркүйек күні "Самар бастауыш мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты салтанатты жиынға педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.
Салтанатты түрде 1 сыныпқа баратын 29 оқушыны қарсы алды. Олар да, олардың ата-аналары да қобалжулы. Мерекелік шараға келген барлық оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен қонақтарды мектеп директоры О.Н.Любашова құттықтап, барлығына денсаулық және жарқын жол тіледі.
Ольга Николаевна сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагері Л.В.Байраковаға, И.К.Масалимовке мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне, Самар полиция бөлімінің қызметкерлеріне, мектеп психологы А.Ш.Хайруллинаға және мектеп қызметкерлеріне «Мектепке жол» акциясы барысында көрсетілген материалдық көмек үшін алғысын білдірді.
Биылғы жылы мектеп «Үздік ұйым – 2019» және бастауыш мектеп арасында «Ең үздік ауыл – 2019» аталымдары бойынша І орынға ие болды.
1 сынып оқушылары өлеңдерін оқып, аспанға шарларын ұшырды. Олар Самар ауылындағы Балалар өнер мектебінің педагогтары дайындаған би композициясымен шықты. Жиын аяқталғаннан кейін мектеп оқушылары өздерінің кабинеттеріне өтіп, қызықты тәрбие іс-шараларына қатысты. Ең кішкентай оқушыларға қонаққа Буратино мен Әліппенің ертегі кейіпкерлері келді. Бұл күн балалардың есінде ұзақ қалады, олар нағыз оқушы болды және мектептегі оқу мен мінез-құлық үшін жауапкершілікті сезінеді.
Ал № 1 Самар орта мектебінде «Білім күні» мерекесі өте қызықты өтті. 1 және 5 сыныптың жетекшілеріне «Сіз жаңа сыныбыңызды неге балайсыз?» деген сауалға, «Олар біз үшін күннің сәулесі іспеттес, себебі олар күннен-күнге жарқырап тұрады», - деп жауап берді.
Өзінің құттықтау сөзінде мектеп директоры В.Ф.Кутателадзе балаларға мықты денсаулық, сабақты жақсы оқуларына тілектестік білдірді. 1 сынып оқушылары мен болашақ мектеп түлектері құттықтау хаттарымен алмасты: «Құрметті 1 сынып оқушылары! Сіздер осындай мектепте оқу бақытына ие болдыңыздар! Енді бұл сіздердің екінші үйлеріңіз болады! Біз сіздерді тату отбасымызға қабылдаймыз! Бірінші оқу жылы өте тез өтеді және біз үшін бұл соңғы Мектеп жылы. Бірақ біз көктемде бітіреміз, ал әзірге бізді бірлескен оқу жылы күтіп тұр».
Ерекше мерекелік көңіл-күймен және жаңа табыс толқынында алдағы оқу жылының салтанатты жиыны Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейде де өтті. Мектеп директоры Б.К.Бағысова балаларды, ата-аналарды мерекемен құттықтап, 34 миллион теңге сомасында ұтылған грант туралы қуанышты хабармен бөлісті, мектеп білім беруді дамыту және мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңарту үшін пайдаланылатын орта мектептер арасындағы облыстық байқауда «Үздік ұйым - 2019» аталымы бойынша І орынға ие болды.
Оқушыларды сыныпқа шақыру үшін алғашқы қоңырау соғылды. Олар енді білім жолының қыр-сырын түсінуге жол тартады. Барлығына ақ жол тілейміз!
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.