28 қараша күні аудандық Тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті қызметіне сайланды, екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстанның басшысы болды.
Осы айтулы мереке қарсаңында мұражай қорының сақтаушысы Клара Смаилова Шәріптоғай негізгі мектебінің, Амангелді орта мектебінің және Көкжайық мектебінің оқушылары қатысқан тақырыптық іс-шара ұйымдастырды. Сондай-ақ, Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебі де ұйымға көмек көрсетті.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жас қыран» бірыңғай жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас қыран» құрамына мүшелікке қабылданды. Ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас қыран» қатарына қабылданған оқушыларымыз екені анық. «Жас қыран» ұйымына 32 оқушы қабылданды.
«Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға галстуктерді табыстау рәсімін Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы» Баянды Кәкенұлы Қожамбетов және Жастар орталығының маманы Ақбота Бақытбекқызы Асылханова, мектеп директоры Қажет Жүнісбековке, ұстаздарға және ата-аналарға берілді.
Шебер ұстаздың мақтанышы - дарынды оқушысы болса, дарынды оқушы – мектептің және елдің мақтанышы.
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куеубаева Саягүл Назарбекқызы да дарынды оқушыларының жетістіктерімен сан мәрте мақтанып та марқайып жүрген ұстаздардың бірі. Осы сөзіміздің дәлелі, ағымдағы жылдың 2 қарашасында Семей қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» атты халықаралық өнер және білім фестивалі өткізілген болатын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Павлодар т.б. өңірлерден жиналған бұл үлкен додаға Мамай ауылы Аманкелді атындағы орта мектебінен апарған үш оқушысы да жүлделі орындарға ие болды.
Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Көкпекті ауылында "Балалар өнер" мектебінің педагог-ұйымдастырушы Даурия Ахметжанованың мұрындық болуымен «Ұлы дала елінің шеберлері» атты қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың 10 шақты мектебінен 100-ден аса шеберлердің жұмысы сарапқа салынды.
Толығырақ...Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» атты әскери патриоттық клубтардың арасында салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш шараға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, әскери жетекшілер қатысты.
Елбасы өз Жолдауында жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін елімізде «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубын құру керектігін айтқан болатын. Осы шарада Көкпекті ауданында құрылған «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының курсанттары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Республикалық «Тәжік ауған» шекарасындағы жауынгерлік іс-әрекеттер және әскери қақтығыстарының ардагерлер одағының қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Алау» облыстық әскери-патриоттық ойындардан І орын алды. Жас сарбаздарды және оларды тәрбиелеп жүрген офицер жетекшілеріне аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы құттықтау лебізін білдірді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.