Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылынан әскери борышын өтеуге ынталы жастар көп болса да, медициналық таңдау олардың біразын шеттетіп тастайды. Көкпекті орта мектебінің Латиф Фахрутдинов атындағы әскери-спорт мектептерінің түлектері комиссиядан мүдірмей өту тукте емес. Бекболат Ешмұханбетұлы Рахимов шынықтырған біздің ұландар Қазақстан Қарулы күштерінің элиталық бөлімдерінде қызмет етеді.

Солардың бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара әскерлері құрамында әскери қызметін өтеген Раджан Нұрланұлы Досанов.
Сайыпкыран сарбаз Раджан Нұрланұлы 1999 жылы 28 ақпанда Толағай ауылында туған. Жас-тайынан ата-анасы Әдия мен Даниярға көмекші болып, еңбек шынығып өседі. Толағай ауылынан Көкпекті ауылына қатынап оқып, Көкпекті орта мектебін «жақсыға» бітіреді.


Әскери қызметі оңтүстік–шығыс шекарамыз Чұнжада өтеді. Өзіне де қызметтестеріне де қамқорлықпен қарайтын қырағы Раджан әскери қызмет барысында суицид жасамақшы болған жауынгерлік досын өлімнен алып қалады. Осындай қырағылығы үшін әскери бөлім бас-шылығы 20 күнге демалысқа жібереді. Демалыс-та да бос жүрмей, алтынұя мектебіне барып, жасөспірімдерге әскери өызмет туралы дәріс оқиды.
Саяси және әскери тәрбиенің үздігі болып, қашанда алғы шепте жүреді. Оның дәлелі көкпектілік жерлес жауынгердің төсіндегі «Үздік шекара қызметшісі» медалі.
Еліміздің шебін осындай тепсе темір үзетін, шарболаттай шыныққан Раджан Досановтар күзеткенде мемлекетіміздің тыныштығын ешқандай жау бұза алмас. Жерлестерімізбен мақтанайық!

Қайрат Бесбайыс

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз