Аудандық ардагерлер кеңесін Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев басқарғалы бірталай жылдың жүзі болды. Ардақты атамыз ауыл қарттары мен ақсақалдарын біріктіріп ауданымызда болып жатқан мемлекеттік шаралардың бәріне қатысады. Ағалық ақылдарын айтып, жастарға бас-көз болады. Аудан әкімі Асхат Смаилов ардагерлер жиналып отыратын, келелі кеңес құратын Аудандық ардагерлер үйін, Самар және басқа ауылдарда ардагерлер бөлмесін ашуға бастамашы болды. Көкпекті аудандық ардагерлер үйі ашылғанда қарттардың қуанышында шек болмады.
Редакциямызға арнайы келген Тілеухан Қайырханов 74 жыл бойы Көкпекті ауылында тұратынын айтып, осы заманда Көкпекті ауылының шынай көркейіп, ғажап гулденгені 2018 жылдың тамызынан басталғанын айтты. Южная деген көшедегі 36 пәтерлік үйдің ауласы осындан үш ай бұрын қандай еді. «Үндістанның трущобаларындай» күл мен қоқысқа батқан, қи мен несептің иісінен адам жүргізсіз болды. Ал міне қарасам, айналасы таза спорт алаңы, гүлге оранган субұрқұақ, немереңді апарып ойнат, балаңа көрсетіп мәз-мейрам бол – демалыс та, спорт та осында. Мұнан бұрын айналасы темір қоршау Мәдениет үйіне кім барушы еді. Бүгінде Көкпекті ауылының көрікті орны болды, – деп ақсақал ағынан жарылды.
Айтар алғысымыз аудан әкімі мен оның командасына, Асхат Смаилов бастап Көкпекті ауданында қаншама іс атқарылып жатыр, оның айтқанын орындап, тапсырмасын шып-шырғасын шығармай атқаратын Қайрат Алғазинов, Қайрат Жадринов нағыз ел алғысына бөленер атпал азаматтар,- деп алғысын білдірді Тлеухан аға.
Қайрат Малгаждаров
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.