Алдыңғы аптада Көкпекті ауылындағы «Балерке» балабақшасында Наурыз мерекесіне орай, «Армысың, Әз-Наурыз» атты мерекелік кеш болып өтті. Балабақшадағы «Күншуақ», «Айшуақ», «Жұлдыз» топтары қатысты. Әр топ ауыл болып, Наурыз туралы өлеңдері мен әндерін айтып өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, ертеңгілік барысында балабақша тәрбиешілері Е.Оспанова, А.Көкенова, Д.Ақабаева, Ж. Бураханова, Н.Кө-песованың ұйымдастыруымен халқымыздың қыз қуу, арқан тарту, асық ату ұлттық ойындары ойналып, «тұсау кесу», «құда түсу» салт-дәстүрлері көрсетілді.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 2 наурызында, Көк-пекті ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ.Қал-дыбаевтың төрағалық етуімен ауданның білім мекемелері басшыларымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде үш тілде білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысты. Семинар-кеңесте аудан мектептеріндегі мемлекеттік тілдің жағдайы, атқарылып отырған жұмыстар сөз болды.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 31 қаңтар және 14 ақпан аралығында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ғаламшар денсаулығы менің қолымда» атты республикалық экологтар байқауына Көкпекті ауданы «Балалар өнер мектебінің» оқушысы Ақылбек Азанбаев қатысты.
Республикалық сайыс қорытындысында Ақылбек 7-10 жас ерекшеліктері аралығында байқау жеңімпазы атанып, I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы байқаудан «Балалар өнер мектебінің» жас натуралист үйірмесінің жетекшісі А.Байғалиева оқушыны дайындағаны үшін Алғыс хат алып қайтты.
Балалар өнер мектебінің ақпараты
Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде өткен сенбіде есептеудің ерекше түрі - менталды арифметикадан аудандық олимпиада өтті. Оған Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті мектебінен ІSMA курсын оқып жүрген шәкірттер қатысты. Олардың барлығы арнайы эмблемасы бар киім киінген. Керекті құрал-жабдықтары да қарапайым: бұрынғы есепшотқа ұқсас абакус, қарындаш пен қалам, ақ парақ және секундомер. Бірінші деңгейдегі және түрлі жастағы (1-4 сынып) оқушылар қатысқан олимпиада Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау салтанатымен басталды.
Толығырақ...1. «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің директоры. ШҚО, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы.
2. «Казнаковка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің директоры. ШҚО, Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылы.
Негізгі қызметі: Білім алушылардың негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.