Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жыл басында жарияланған Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қойылатын талаптары БАҚ беттерінде біршама уақыт әңгіме арқауына айналған-ды.
Жаңа оқу жылы басталысы мен осы тақырыптың қайта көтеріле бастағанына куә болып отырғандықтан, сарапшылық көз-қараспен ара ағайындық сөзімізді қоғам назарына қайта салуды жөн көрдік.
Мәселеге ешбір эмоциясыз, сарабдал сана көзімен қарасақ, ашығы сол – мектеп формасына қатысты биылғы талаптарда бұрынғыдан өзгеріс болған жоқ. Өйткені ҚР Білім туралы заңының сонау 2007 жылғы 27 шілдедегі мәтінінің 49-бабының 3-тармағында «Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті» деп көр-сетілген болатын. Ол қағидалардың бірі – орта мектептер жарғысындағы мектеп формасын сақтау еді.


Осы міндеткерлікті тиянақтай түсу мақ-сатында 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV заңмен «Білім туралы» заңға толықтырулар енгізілді. Аталған заңның 47-бабының 15-1-тармағында білім алушылар мен тәр-биеленушілердің міндеті ретінде: «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» деген ереже енгізілді.
Ал 2015 жылдың 13 қарашасында ҚР Білім заңының 5-бабына білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті ретінде «орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді» (14-1) деген ереже қосылды. Оған қоса 49-бапта ата-аналар мен өзге де заңды өкілдердің, балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті екендігі тайға таңба басқандай көрсетілді.
Сондықтан мектеп формасына қатысты қағидалардың арысы он жыл, берісі бес жыл білім жүйесінде кеңінен қолданылып келе жатқанын атап айтуымыз қажет. Білім және ғылым министрлігі бар болғаны сол ережелерді айқындай түсу мақсатында бөлек құжатқа біріктіріп, талаптар ретінде жүйелеп жариялады.
Ал мектеп формасына қойылатын талаптар мәтінінде «діни атрибутиканың қолданылмауы» деген тіркестің қамтылуына келсек, «мектеп формасын сақтау» де-геннің өзі «басқа ешбір атрибутиканы қолданбау» дегенге саятыны белгілі. Және бұл тек діни атрибуттарға ғана емес, басқа да ерекшеліктерге тыйым салынатынын білдіреді. Мәселен, бала мектепке еркін киім үлгісімен, сәнді немесе спорттық киімдермен, жарқыраған әшекей бұйымдармен келе алмайды. Өйткені «форма» ұғымы соның бәрін реттейді.
Форма тек мектепке тән ерекшелік емес. Көптеген кәсіби салалық мекемелер оқу орны, жұмыс орны деп бөлместен, барлық деңгейлерде белгілі бір формаларды сақтауды талап етеді. Оның барлығы кәсіби, техникалық, гигиеналық, тағы басқа талаптардан туындайтыны белгілі.
Мектеп формасының да көтеріп отырған өзіндік әлеуметтік-тұлғалық жүгі бар. Бірінші-ден, кезкелген форма белгілі бір мекемеге қатыс тылықты білдіретіндіктен, тұлғаға сол мекеме алдындағы жауапкершілікті жүктейді. Екіншіден, форма – құқықтық қатынастар шегін айқындайтын бақылау құралы. Қарапайым мы-салмен өрнектесек, мектеп формасындағы бала сабақ уақытында көше кезіп жүрсе немесе компьютер клубында ойын ойнап отырса, кез-келген учаскелік полиция қызметкерінің оның мән-жайын сұрап, қадағалауға құқығы бар. Үшіншіден, біртекті форма мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік тұрғыдан жіктелуіне, психо-логиялық қысымдардың орын алуына жол бермейді, яғни «бұлақ бастан бұлғанбас» үшін форманың сақталуы қажет-ақ.
Тізе берсек, басқа да артықшылықтарды атауға болады, бірақ оның барлығы қарапайым қоғам мүшесіне де белгілі. Айтылғандарды ескере отырып, мектеп формасына қойылатын талаптарға кең түсінікпен қараған жөн.
Ендігі бір назар аударатын мәселе – жекелеген діндар азаматтар мектепте хиджабқа жол берілмеуін Конституцияға қайшылық ретінде бағалайды. Біз мұны құқықтық сауаттылықтың қарапайым деңгейін игермегеніміздің көрінісі дер едік.
Қазақстан Республикасы Конституция-сының 22-бабына сәйкес «әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бірақ дәл осы бапта жазылғандай, «ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндетерге байланысты бол-мауға немесе оларды шектемеуге тиіс». Яғни, сол бостандыққа қатысты құқықтық нормаларда оның шет-шегі де айқын көрсетілген.
Ата заң ең басты құқықтық қағидаттарды айқындайды. Ал онда айтылған азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерді салалық заңдар белгілейді. Аталмыш құқықтар мен міндеттерге байланысты болатын немесе оларды шектеуі мүмкін қатынастар да сол салалық заңдарда көрсетіледі. Сондықтан конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып, «Білім туралы» заң да өз саласындағы тиісті құқықтық қатынастарды айқындады. Оның ішінде білім алушылардың мектеп формасын сақтау міндеттілігі де бар.
Дәл осы секілді Ата заң аясында әзірленген ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 5-тармағында ешкімнің өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқтығы атап көрсетілген.
Ал аталған заңның 3-бабының 8 тармағында ата-аналардың балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне мемлекеттің араласпайтыны айтылған. Бірақ осы нормада да ескертуретінде: «мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған және жауапкершілігін шектеген жағдайларды қоспағанда» деген қағидаттың тұрғанын естен шығармау қажет. Бұл жерде де араласпау әрекетінің заңдық шектері айқын көрсетілген.
Сондықтан «Білім туралы» заңның білім мекемесінің ішкі тәртібін сақтау мақсатында мектеп формасына қойған талаптары азаматтардың ар-ождан бостандықтарын бұзбайды, керісінше, олардың заңнамалық нормаларға кең түсінікпен, ашық азаматтық тұрғыдан қарауын міндеттейді. Әрбір саналы азаматтың заң қағидалары ар-ождан бостандығын қамтамасыз етумен қатар, мемлекет алдындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді қоса жүктейтінін есте тұтқаны абзал.
Мектепте хиджабқа рұқсат етілмеуіне наразы кейбір азаматтар хиджаб киюді мұсылмандықтың тікелей көрінісі ретінде түсіндіруге тырысады. Бірақ ислам шариғаты бойынша мұсылмандықтың негізгі шарты – иман келтіру. «Ләиләһәилла Аллаһ, Мухаммад расулаллаһ» депиман келтірген, осы кәлиманы тілмен айтып, жүрегімен сенген адамның мұсылман екеніне шүбә-лануға ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан мұсылмандары үшін дәстүрлі болып табылатын ханафимәзһабының негізін салған Әбу Ханифа (Имам Ағзам): «Кім Алланы және одан түсірілгендерді тілмен де, жүрекпен де мойындаса, онда ол Алланың алдында да, адамдар үшін де мұсылман» деп жазады.
Хиджаб мәселесіне ойыссақ, мұсылман әйелдердің орамал тағуы Құранда бұйы-рылғандықтан, ол парыз амал болып есеп теледі. Парызды мойындамау – күпірлік, ол діннен шығуға алып барады. Ал орамалдың парыз екенін мойындаса, бірақ белгілі бір себеп термен (біздің мысалымызда – мектеп формасын сақтау қажеттілігінен) таға алмаса, ол әйел немесе қыз бала мұсылмандықтан шыққан болып саналмайды. Яғни, жүрегінде иманы бар болса, орамал тақпаған әйелді «мұсылман емес, кәпір» деп ешкім айта алмайды. Керісінше, бұл жағдайда Мұхаммед пайғамбардың: «Кімде-кім бауырына: «Ей, кәпір!» десе, егер ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады» деген қатаң ескертуін есте ұстау орынды. Ислам шариғаты бойынша иман келтірген мұсылман адамды «кәпір» деп айыптауға болмайды.
Орамалдың парыз екеніне сену – иман мәселесі, ал оны тағу – амал мәселесі. Иман бөлек те, амал бөлек. Амал иманның бір бөлігі де, тікелей көрінісі де емес. Бұл жа-йында Әбу Ханифа Имам Ағзам былай деп жазады: «Алла Тағала иманды амалдардан артық етіп бекітті. Мүминдерді құлшылық етуге, зекет төлеуге, ораза тұтуға, қажылықты өтеуге ұмтылдыратын, Аллаға иман келтіруге шақыратын зекет, ораза немесе қажылық амалдары емес, керісінше, олардың имандары. Бұл – осылай, өйткені олар алдымен иман келтірді, содан кейін амалдарды орындауға көшті. Аллаға деген сенім оларды діни парыздарды орындауға жұмылдырды, ал керісінше (болған жоқ, яғни), діни парыздар Аллаға деген иманды олардың жүректеріне қондырған жоқ».
Имам Ағзам әйелдердің белгілі бір жағдайларда Алла Тағаланың рұқсатымен намаз оқи алмайтынын – парыз амалды орындамайтынын айта келіп: «Егер иман мен амал бір десек, намаз оқымай жүрген кездерінде әйелді иманы жоқ деуге тура келер еді. Бірақ бұл олай емес, сондықтан иман мен амал бір емес» дейді.
Егер орамал мұсылмандықтың басты көрінісі болса, иманды жүректен бір сәт те өшіруге болмайтыны секілді, орамалды бір сәт те шешуге рұқсат берілмес еді. Бірақ ислам шариғатында олай емес – балиғатқа толған қыз бала мен әйел адам жақын туыстарының көзінше (ер адам болса да) орамалсыз, тұмшаланбай жүре алады. Бұл туралы талай дәлел-дәйектер келтіруге болады, бірақ қысқарта айтсақ – иман орамалмен бірге алынып-салынып тұратын заттық дүние емес.
Мұхаммед пайғамбардың өз хадисінде: «Мұсылман дегеніміз – қолымен және тілімен мұсылманға залал келтірмеген адам» деген. «Алла Тағала сіздердің сырт көріністеріңізге қарамайды, жүректеріңіз бен амалдарыңызға назар салады» деген хадис те бар. Сондықтан мұсылмандықты тек формамен байланыстыруға әуестену жөн емес.
Исламның шынайы рухын терең сезінген кешегі қазақ «иманды» деп жүрегінде берік сенімі бар, терең адамгершілік қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды айтқан. Аталарымыз қашанда жүректегі иманды басты орынға қойған, «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді» деп риякерліктен тыйған. «Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала қарайтұғын қалыбыңа (жүрегіңе), боямасыз ықыласыңа бітеді» деген Абай ақын да осы қисынмен пайымдаған. «Мұсылманшылық кімде жоқ, Тілде бар да, ділде жоқ» деп назаланған Әбубәкір Кердері қазақтың болмысына біткен жүректегі иманын жоқтады. Иман мен исламды ажыратып қарамаған қазақ өз танымын осылай өрнектеген болатын.
Өткен жылы біздің орталық еліміздің барлық аймақтарында зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 11000-ға жуық адамды қамтыған 200-дей іс-шара өткізді. Шаралар барысында 2105 адамнан сауалнама алынды. Оның 459-ы мектеп оқушылары болатын.
Бір ерекшелігі, сауалнама алу кезінде де, фокус-топтық талдаулар барысында да оқушылардың еркін сөйлеуіне, ашық пі-кір білдіруіне мүмкіндік берілгеніне және сауалнамалардың анонимді түрде тол-тырылғанына қарамастан, оқушылар тарапынан бірде-бір рет хиджаб кию мәселесі көтерілмеді.
Бұл мәселе сауалнамаға қатысқан 305 жергілікті тұрғын тарапынан да көтерілген жоқ. Мәселеге тек фокус-топтық талдауға қатысқан 330 мұғалімнің бірнешеуі назар аударды, оның өзі «Мектепте хиджаб кию мәселесі көтерілген жағдайда оған қандай заңдық негіздер бойынша жауап берген жөн?» деген алдын алу шараларына қатысты сауал болды.
Айтылғандардан аңғаратынымыздай, мек-тептегі орамал мәселесіне қатысты айтар-лықтай қызығушылық үрдісі байқалмайды. Бұл мәселені қоздырып, қоғамдық пікір туындап жатқан секілді етіп көрсетіп, санаулы адамдардың көмегімен қолдан пікірталас ұйымдастырып жататындар көп жағдайда заң талаптарын толық түсініп-білмеген, діннің формалық жағына мән беріп, мазмұндық қырын назардан тыс қалдырған азаматтар немесе ішкі тұрақтылыққа сына қаққысы келетін мүдделі тұлғалар.
Сөз соңында мына мәселелерге назар аударуды жөн санар едік. Зайырлы мемлекет заңнамалары белгілі бір діни бірлестіктің мақсатын емес, тұтас азаматтық қоғамның мүддесін көздей отырып жасалады. Заң талаптары мен тыйымдары барлық дін өкілдеріне ортақ. Яғни, мектептегі зайырлылыққа қатысты ұстанымдар тек ислам дініне ғана емес, басқа діндерге де тікелей қатысты. Мектеп формасына байланысты талаптар хиджаб киюді ғана емес, өзге де діндер элементтерін пайдалануды шектейді. Өйткені кез келген атрибутика, символ, элемент белгілі бір дәрежеде өзі қатысты болып табылатын сенімді насихаттауды білдіреді. Барлық діндердің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететіндіктен зайырлылық қағидаттары жеке бір дінді ерекшелеуге жол бермейді.
Екіншіден, барлық дін өкілдерінің ортақ заң талаптарына бағынуын талап ету көп конфессиялы еліміздегі ішкі тұрақтылықты сақтаудың бірден-бір тетігі. Дінаралық қақтығыстардың орын алмауына мемлекет азаматтары да мүдделі болып, оған заң нормаларын сақтау арқылы үлес қосуы тиіс.
Үшіншіден, осы аталғандардың барлығы заң талабы, мемлекет басшысының шешімі. Ал ислам шариғаты тұрғысынан алғанда, заңға және басшыға мойынсыну міндетті. Оларға қарсы шығу исламда бүлік шығарушылық ретінде айыпталады. Құранның «Бақара» сүресінде «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә» деген аят бар. Бұл мұсылман үмбетінің зайырлы заңнамаға да құрметпен қарауын міндеттейді.
Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығы қамтамасыз етілген. Өзге дін өкілдерімен қатар мұсылман азаматтар да бес парызын өтеп, діни құлшылықтарын кедергісіз жүзеге асыруда. Ал мектеп қабырғасында хиджабқа рұқсат берілмеуі білім мекемесінің ішкі тәртібін зайырлылық қағидаттарына сай сақтау мақсатында ғана жасалады. Мектептен тыс орындарда бұл мәселеге қатысты ешқандай тыйымдар көзделмеген. Сондықтан мектептегі хиджаб мәселесін көтеруші азаматтар сенім бостандығына мүмкіндік беретін заңға және басшыға бағынудың әрі азаматтық міндет, әрі мұсылмандық парыз екенін түсінгені жөн.


Айнұр Әбдірәсілқызы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз