«Дипломмен – ауылға» жас мамандарға бе-рілген жаңа мүмкіндік. Бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақысы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.
«Дипломмен – ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының еліміз еркіндік алғалы бергі елді дамытуды көздеген алғашқы қарқынды қадамы болмақ. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихында жастардың ойып тұрып орын алуға тамаша мүмкіндігі туды. Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы, сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.
Республика Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек, қазір дағдарыс жағдайында бізді асырайтын - ауыл, ауылда жұмыс болу үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын, шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып, біріктіру қажет», - деп ашық та, анық айтқан болатын.
Қажетті білімді меңгерген, ауылдың абыройын көтеретін, өмірін өзгертетін жігерлі жас болуы тиіс.
Сонымен қатар, сол ауылдан шықсаңыз тіпті жақсы. Ауылдың әлеуметіне қанық, жағдайына жетік бола тұрып, сол елдің ертеңі үшін аянбай еңбек ету сізге міндет. Жаны отансүйгіштік сезіміне сусындаған, бойына елжандылық қасиеті дарыған жас ұлы істерді аянбай жасауға даяр. Ал бұл қасиеттер әрбір азаматтың бойында мектеп жасынан қалыптасады. Яғни, жобаның бастауы - мектеп деп айтуға толық негіз бар. Жасты мектеп қабырғасынан бастап туған жерді сүюге, кұрметтеуге, адал қызмет етуге тәрбиелесек, үздіктерімізді іріктеп, жоғары оқу орнын таңдауда пайдалы кеңес ұсынсақ, барынша жан-жақты қолдау жұмыстарын ұйымдастырсақ, бертін келе ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде келешекте көп сұранысқа ие болатын мамандықтарға, қарым-қабілет пен білік-дағдыға сай бейімдеу шараларын жүргізсек, жоғары оқу орнына түскен соң да қаперден шығармай байланысты байытсақ, жас маманның туған еліне тура тартатыны анық.
Осы бағдарлама арқылы 2015 жылдары Семей каласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университті бітіріп, өз туған өлкесіне келіп еңбек жолын бастаған жас маман Үлгілімалшы ауылының тумасы Бақытжан Нұрқасымов. Ол жоғарыда аталған оқу орнының «физика-математика» мамандығын алып шығып, Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте еңбек етуде. Бақытжан бұл бағдарламамен мұқият танысып шығып, еңбек жолымды ауылдан бастасам деген ниетпен және өз туған ауданына үлесін қосуға ат салысуда. Жұмысқа орналасқаннан кейін біржолғы көтерме ақы төленіп «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде жеңілдетілген несие алып Көкпекті ауылынан 3 бөлмелі заманауи жабдықталған үй сатып алды. Қазіргі таңда жас маман білім беру саласында қызмет ете отырып, ауылымызда түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысуда.
- Ауыл өркендесе, еліміз көркейеді. Бұл мемлекеттің жастарға беріп отырған үлкен мүмкіндігі, ертең жоба өз нәтижесін берген уақытта аға буынның жастарға деген көзқарасының өзгеретіні, құрметпен қарайтыны анық. Сол себепті, өзім сияқты жастарға айтарым, бұл жобаның маған септігі көп. Ауылға келіп қорықпай еңбек етуге бұл таптырмайтын мүмкіндік. Жас маман ретінде мемлекет тарапынан, әкімшілік тарапынан, мектеп ұжымынан көп көмек көрсетілгеніне алғысым шексіз, - деп Бақытжан қуанышын жасырмады.
Қорыта айтқанда, жастардың ауылдың тіршілі-гімен, ондағы халықтың өмірімен таныс болғаны дұрыс. Бүгінгі ауылда қызмет етіп жүрген жас, ертең билік басында отыратын басшы. Ол қабылданған шешімнің қалалық жерде қалай, ауылдық жерде қалай жүзеге асатынын білуі керек. «Көзімен көріп, қолымен ұстап білген» маманды ғана тәжірибелі маман деп атауға болады. Ендеше «Дипломмен ауылға» жобасы кадр біліктілігіне қатысты көзге көріне бермейтін, бірақ маңызы зор мәселелердің шешімін табуға ықпал ететіні сөзсіз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.