Статистика көрсетіп отырғандай, отбасында, көшедегі қылмыстардың басым көпшілігі «Жасыл жыланың» ықпалынан жасалған. Маскүнем ата –ана балаларының және жас жеткіншектерінің психологиялық жағдайына жағымсыз әсер береді. Дәл осындай отбасынан балаларының, жас жеткіншектерінің үйден қашуы, кетуі оқиғалары аз емес. Кейде, бір кезекті рюмканы іздеумен жүрген ата-аналардың, ата-аналық махаббатын, назарын және қамқорлығын қажет ететін балаларына қарауға мұршалары да жоқ. Осылайша маскүнемдік қаншама адамдардың тағдырына балта шабады. Өкініштісі: ол үйден өз еркімен кетпейді. Бірақ, қатты ішетін адамдардың өздері бұл сұмдық ішімдікке салынуды жеңіп шыққан оқиғалар да болған. Қаншама адам бұл маскүнемдіктен жан тапсырған, өзінің артынан әйелін, балаларын, ата-аналарын құрдымға кетірген.
Толығырақ...Елімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары және оның зардаптары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы тұста, жасөспірімдер арасында орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алуда әр мектептерде құрылған жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының рөлі зор.
Осыған орай 12 мамыр күні аудандық «Жас жол қозғалысы инспекторының» сайысы өтті. Аталған байқаудың басты мақсаты – жол қозғалысы ережелері бойынша балалардың сауатын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады.
Сайысқа Ж.Шайжүнісов, М.Әуезов, І.Жансүгіров, А.Пушкин, Көкпекті Преображенка, Көкжота орта мектептерінің оқушылары қатысып, 7 кезеңнен тұратын бұл байқауда оқушылар өз деңгейлерінде білімдерін көрсетіп, бақ сынасты.
Әр кезеңнен сүрінбей өткен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің оқушылары бірінші орынға, нағыз инспекторға сай сынасқан Көкпекті орта мектебі екінші орынға ие болды. Ал Преображенка мен М.Әуезов атындағы орта мектептері үшінші орынды қанағат тұтты.
Гүлзат Калиякперова, мектеп тәлімгері
Ағымдағы жылдың 13 мамырында аудандық әкімшілікте Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті заңдық-құқықтық актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Т.С.Сметованың қатысуымен мәслихаттың заңдық-құқықтық актілерін, сондай-ақ әкім-дер мен әкімшіліктің заңдық-құқықтық қау-лыларын қабылдау мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинарға аудандық маслихат хатшылары, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай аудандарының маслихат аппаратының басшылары, ауылдық округтің әкімдері, жеке және заңгерлік бөлімдер басшылары, аудандық әкімшілік аппаратының заңгерлері қатысты.
Көкпекті аудандық әкімдігінің аппарат басшысы Р.Кемербаева қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде бұл семинардың маңыздылығы мен мәнділігіне тоқталды. Заңдық-құқықтық актілерді іс-тәжірибе жүзінде қолдану өзекті мәселелердің бірі. Семинар Әділет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Аталмыш мәселе бойынша барлығымыз бірге туындаған қиындықтардан шығудың жолын тауып, жұмыс сапасын арттыруымыз қажет.
Толығырақ...
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен аумаққа таралып кетеді. Ауа райының ыстық кездерінде, егер жауын-шашын болмаса, ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар тағы басқалары жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.
Біздің аудандағы Самар орман шаруа-шылығының қарағайлы орманына таң қалмайтын, қызығып, сүйсіне қарамайтын адам кемде-кем! Бұл орман облысымыздың, қала берді республикамыздың мақтанышы десек артық емес. Ауылымызға келіп демалып, тарихымен танысуға еліміздің әр жерінен, шет мемлекеттен де адамдар келіп тұрады. Әрине, бұл қуантарлық жағдай.
Десек те, бес саусақтың бәрі бірдей емесі сияқты, адамдардың да бәрі бірдей емес. Кейбір демалушылар орманның таза ауасымен тынығып, сұлулығын тамашалап жүріп от жағады, тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді, ағаш бұталарын сындырып, зиянын тигізеді. Ал, босаған шишалар, әйнектер, темекі қалдығы, дұрыс сөнбеген от ошақтары – орман өртінің басты себептері. Статистикаға сүйенер болсақ, орман өртінің 93 пайызы адам кесірінен болады екен. Жалпы орман өртінің 3 түрі болады: жер асты, төменгі және жоғарғы өрттер. Өрттің 90 пайызы төменгі сипатта. Бұл жағдайда топырақтың үстіңгі қабаты ғана өртеніп, ағаштардың төменгі бөлігін және шөптерді жалын шарпиды.
Әр жылдың 15 сәуірінен 15 қарашасына дейінгі аралық – өрт қауіпі өте жоғары кезең саналады. Сондықтан, орман шаруашылығының мекемесі орман өртінің алдын-алу шараларын естеріңізге салады:
Толығырақ...
Елі үшін, жері үшін аянбай еңбек етіп, тер төккен азаматтар қашанда қадірлі. Ауданымыздың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Отан алдындағы қасиетті парыздарын абыроймен ұзақ жылдар қатарынан атқарып жүрген қызметкерлер ортамызда. Олар ауданымыздың жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс, жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, оларды әскери қызметке дайындау, мерзімді әскери қызмет, келісімшарт бойынша қызмет етулеріне, әскери оқу орындарында оқып, өмірден өз орындарын табуға зор үлестерін қосып жүрген жандар.
Олар тынымсыз еңбек етіп, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге өздерінің лайықты үлесін қосып, әріптестеріне, жас мамандарға үлгі болуда. Тәуелсіз еліміздің Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында осы саладағы өлшеусіз еңбектерімен еленіп жүрген азаматтардың ыстық ықыласы мен құттықтау тілектерін жеткізуді жөн деп білдік.
Өгізбаев Рысбек, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінде аға көмекші: - Аталмыш салада 20 жыл бойы қызмет етудемін. Биылғы мерейтойларға толы жылы барша отандастарыма, көкпектілік жерлестеріме ізгі лебізімді білдіргім келеді. Санаулы күндерден кейін атап өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен аудандағы соғыс және тыл ардагерлерін шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгідей тәуелсіз, бірлігі жарасқан бейбіт елде өмір сүруіміз қаһарман ерлердің арқасы. Оларға әлі де мықты денсаулық, бақытты да ұзақ өмір сүріңіздер демекпін.
Увахиев Александр, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінде аға көмекші: - Қорғаныс саласында 1990 жылдан бері табан аудармай қызмет етіп жүрмін. Жауапкершілігі жоғары, өзіме жүктелген міндеттерді мүлтіксіз атқарғаным елеусіз қалмай, бірнеше рет аудан, облыс әкімдерінің грамоталарымен марапатталдым. Алда келе жатқан мерекемен құрметті ардагерлерімізді, әріптестерімді құттықтаймын.
Көккөзов Қадырқан, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру даярлығы бөлімінде көмекші: - Осы салада 1992 жылдан бері жұмыс атқарудамын. Қазақстанның қорғаныс ісіне әріптестермен бірге өзімнің де қол ұшымды тигізіп жүргеніме қуаныштымын. Алдымыздағы қос мереке аясында барша ардагерлер қауымына, жерлестеріме ыстық лебізімді жолдаймын.
Құмашева Гүлмира, шақыру және әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша жинақтау бөлімшесінің маманы: - Аудандық қорғаныс бөлімінде 20 жылға жуық қызметтемін. Негізгі атқаратын жұмысым - жасөспірімдерді әскери оқу орындарына баруға, келісімшартпен әскери қызметке орналасуына бағыт-бағдар берумен шұғылдану. Бүгінгі таңда әскери қызметке деген жас бозбалалардың қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Отан қорғау саласындағы әскерилердің барлығын мерекемен құттықтағым келеді. Бейбіт өмір жалғаса берсе екен.
Әбділова Қаламқас, техникалық қызметкер: - Осы мекемеде тапжылмастан 29 жыл бойы тазалық жүргізіп жүріп, зейнет жасына да жетіппін. Тәртіп пен жауапкершілікті қатар алып жүретін ұжымда жұмыс істеу әрдайым қолайлы. Алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Отан қорғаушы күні мерекесі құтты болсын.
Жазып алған ҚР Қарулы күштерінің қызметкері М.Жақыпбаева
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.