Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N2733 Конституциялық заңының негізінде, Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасының Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Қазақстан Республикасының Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан -Әбішұлы Назарбаев бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланды.
1 желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Бұл біздің еліміз үшін жаңа мереке болып саналады.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егеменді Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты, Мемлекет бас¬шы¬сы болып сайланған Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты.
1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мем-лекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қа¬зақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар, экономикасы тұрақты, халқының әл-ауқаты жоғары, ұдайы даму үстіндегі мемлекет ретінде қалыптасты.
Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз елiндегi тыныштық пен келiсiмдi көзiнiң қарашығындай сақтауда.
Тұңғыш Президент күні-бұл тарихи таңдау күні, барлық Қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.
А.Алдиев Көкпекті аудандық сотының төрағасы
Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі Көкпекті ауданының аумағында 2014 жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акциясы өткізіліп жатқанын хабарлайды.
Акцияның мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуын, ескерту және жолын кесе отырып, халыққа таныстыру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру мақсатында арттыру болып табылады.
Осы кең көлемдегі акция полиция қызметкерлерінің күшімен ғана өткізілмейді, оған мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық қатысатынын хабарлаймыз.
А.Тұрғанбаев, Көкпекті АІІБ әкімшілік полиция
бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібі бұзылғанда адам өміріне қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында, қалай болса солай доп қуалайтыны, шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаған жөн.
«Шуақты шұғыла» балабақшасындағы «Айгөлек» тобында Көкпекті ауданы полиция әкімшілігі бөлімінің орынбасары Қайрат Алғазиновтың қатысуымен бүлдіршіндердің жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру және ойда сақтауға білуге үйрету, тәртіптілікке сақ болуға, көшеде өздерін ұстап жүруге тәрбиелеу мақсатын көздеген ойын сабағы өтті.
Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол макеті сияқты көрнекіліктерді қолданып, Қайрат Алғазинов балдырғандармен «Бағдаршам», «Көшеде сақ бол» ойындарын ойнатты және бағдаршам туралы әңгімелеп берді. -Бағдаршам қалалы жерлерде көшеде тұрады.Көшеде жүретін көліктердің жүрісін реттейді. Машиналар көшеде соқтығысып қалмау үшін адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Ал, енді балалар тақтадағы жол белгілерге назар аударыңдар, - деп Қайрат ағалары балаларға жол белгілерінің мәнін түсіндірді. Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба.
Келесі кезекте бүлдіршіндер тәрбиешілері үйреткен «Бағдаршам» туралы тақпақтарын, «Қалада көлік көп» әнін және «Жүргізушілер биін» билеп, бар өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндердің тәп-тәтті қылықтары мен әппақ қардай пәк көңілдерінен шыққан сөздері көрермендерді риза етті.
К.Баяхметова, Г.Бекбаева, тәрбиешілер, «Шуақты шұғыла» балабақшасы
Сот төрелігін жүргізудің тиімділігін арттыру, адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын сақтау және қорғау кепілдігін күшейту мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртуға бағытталған. Бұл мақсатта қылмыстық қудалауды бастау рәсімін өзгерістер көзделеді. Жаңа қылмыстық заңнамаға байланысты қылмыстық сот өндірісінің өзгерістер тұралы бізге брифингта өткен аптада Көкпекті аудандық сотының судьясы Әділ Бақытбекұлы айтып берді
-Таяуда қабылданған жаңа Қылмыстық-процестік кодексте 674 баб қарастырылған, бұл қолданыстағы Кодекстен 97 бапқа көп. Жалпы бөлікте 5 бөлім, 22 тарау, 178 бап (қолданыстағы Кодексте 176 бап), Ерекше бөлімде 51 тарау (қолданыстағы Кодексте 40 тарау).
Жаңа Кодекске енгізілген негізігі өзгешеліктер ретінде онда сот қадағалауын жүзеге асыратын тергеу судьясының лауазымы қарастырылғанын атап өтуге болады. Кодекстің 54 бабының 3 бөлігіне сәйкес оның процестік-құқықтық статусы былайша көрсетілген, тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 20 қарашада Судьялардың VI съезінде берген тапсырмаларын және Съездің қаулысын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру және оны оңтайландыру мақсатында Жоғарғы Сотымен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» электронды сервистері іске асырылған.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша – АІЖК) 150 бабының 1 бөлігіне сәйкес, «талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілу» мақсатында жүзеге асырылуда. Ал, АІЖК-нің 150 бабының 2 бөлігіне сәйкес «талап арыз сотқа электрондық құжат нысанында берілгенде оған азаматтық іс-жүргізу кодексінің 150 бабының 1 бөлігімен көзделгендей электронды түрдегі құжаттардың көшірмелері тіркеледі».
«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде «Электрондық өтініш беру», «Талап арыз беру», «Хаттама көшірмесін беруге арыз», «Сот отырысының хаттамасына арыз-ескертпе», «Төлем чегін тексеру», «Сот істерін іздестіру», «Сот отырысының жазбаларын көру» және «Хабарламаларды, хабарлама қағаздарды, сотқа шақыру қағазын алу» электрондық сервистері жүзеге асырылды.
«Сот кабинеті» сервисіне кіру үшін сізде электронды цифрлық қолтаңбаңыз болу керек. ЭЦҚ-ны халыққа қызмет орталығынан алуға болады. Үйде отырып алып «Сот кабинеті» арқылы мысалы талап арыз беру үшін интернеттегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында www.sud.kz сайтқа кіріп, сайттың оң жақ шетінде «Сот кабинеті» қосымша бетіне кіріп, қарапайым ғана тиісті әрекеттерді жүзеге асырып арызыңызды тиісті сотқа жөнелте аласыз. Бұл талап арыз сотқа түсіп қабылданған уақытта сізге тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Бұл сервис әрі тиімді, әрі көп уақыт алмайды.
М.Маутканова, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.