Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Ұлт жоспары ретінде бес институттық реформаны жұртшылыққа ұсынды. Елбасы белгілеген осы бес институттық реформаның қайсысы да маңызды десек те, осылардың ішінде «Болашағы біртұтас ұлт» делінген саланың маңызы жасампаздыққа жол ашқан жас мемлекет үшін аса айрықша. Себебі, қоғамдағы қандай да болмасын реформаны жүзеге асыратын жалпы әлеумет, тұтас мемлекет халқы. Осы орайдан келгенде, барлық экономикалық, әлеуметтік саяси реформалардың кез келгені сол халықтың бірігуін, әлеуметтің жұдырықтай жұмылуын қажет етеді.
Елбасының бұл «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформа» атты бағдарламалық сөзінде және бір керемет ой айтылды. Оның керемет әсері, тамаша тағылымы жалпықазақстандық ортақ ұстаным мен діл қалыптастырудың «Қазақстан Республикасы» атты мемлекетіміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болғанын шынайы моделін көрсетуі.
Елім-жерім деген қазақ даласының ұл-қыздарының армандары орындалып, еліміз тәуелсіздік алғанынан бері жиырма бес жылға таяу уақыт ішінде елеулі жетістіктерге жетті.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев өзінің әр Жолда-уында: «Болашақ дамуымызға едәуір кедергі келтіретін теріс құбылыс – сыбайлас жемқорлық екені баршаға аян. Осыған орай Қазақстан жұрты бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның дамуына қосылған үлес» - деген тұжырым жасап отыр. Себебі – қоғамға бөтен, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін аса күшті құбылыс – сыбайлас жемқорлық.
Толығырақ...
Пресс-конференция барысында сот төрағасы Ә.Бақытбекұлы статистикалық мәліметтерді айтып өтті: 9 ай ішінде 27 тұлғаға қатысты 26 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде 14 тұлғаға қатысты 13 үкім шығарылғанын, ақтау және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері сотпен шығарылмағанын; 243 азаматтық іс қаралғанын, оның ішінде 152 шешім шығарумен, 67 сот бұйрығы болып табылатындығын, 67 азаматтық іс жеңілдетілген өндіріспен қаралғанын; 292 тұлғаға қатысты 292 әкімшілік іс қаралғанын көрсетті. Аталған мерзімде Көкпекті аудандық сотымен 13 іс медиация тәртібімен қысқартылған, оның ішінде 7 қылмыстық, 4 азаматтық, 2 әкімшілік іс.
Бүгінгі күннің талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда, атап айтқанда сотқа түскен азаматтық тәртібінде қаралатын 265 арыздың 229 арызы аталған сервис арқылы түскен, ол 86,4% құрайды. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы келіп түсуде. Сот төрағасы барлық сот отырыстары дыбыс,-бейне жазбасын қолданылуымен өтетінін, жеке және заңды тұлғалара арасында сот жүйесіне қатысты сұрақтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілетінін,
Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Жұлдыз-Новая жизнь» аудандық газетінің өкілдерімен 2015 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша брифинг, пресс-конференция болды.
Брифинг барысында сот төрағасы Н.Нұралинов келесі статистикалық мәліметтерді айтып өтті: 9 ай ішінде 34 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс, олардың 24 азаматқа қатысты 19 үкім шығарылған, ақтау үкімі және ақталу себебімен істі тоқтату үкімдері болған жоқ. 166 азаматтық іс қаралды, олардың 92 шешім шығарумен, 42 сот бұйрығы болып табылады, 220 әкімшілік іс 221 тұлғаға қатысты қаралды. Сотпен 24 медиация рәсімі қолданылған, оның, 10 қылмыстық іс бойынша, 11 азаматтық іс бойынша, 3 әкімшілік іс бойынша.
Толығырақ...
1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз - еліміздің Конституциясы қабылданып, бұл күн «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Осылайша, Республика Конституциясының күні - барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға айналды. Ата Заңымыздың назар аударатын басты ерекшелігі - бұған дейінгі конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданды, осылайша еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп берді. Еліміздің басты Заңы туралы №2 аудандық соттың судьясы Альмира Юрьевна Танабаева әңгімелеп берді.
- Еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстанда азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ең жоғарғы заңдық күші бар Қазақстан Конституциясы Республикадағы қолданылатын және қалыптасып жатқан құқықтық жүйенің нормативтік бастауы бола тұра, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың маңызды жақтарын реттейді. Ол - ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі, саяси-құқықтық төлқұжаты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.