Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

Құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың беделін көтеру, сондай-ақ жол полициясы қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында, ҚР ІІМ«Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізуде.

Көкпекті ауданында бұл акция 7 сәуірде өтті. Көкпекті аудандағы тоғыз жолдың торабы қиылысында ұйымдастырылған акцияға аудандық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі, партия филиалы, ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Акция - азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға, құқық қорғау органдары, өзге де мемлекеттік құрылымдар мен жол полициясы қызметіне тұрғындардың сенімін күшейтуге бағытталған.

 Жүргізушілер жол жүру ережелерін сақтап, көлік жүргізу құжатына мұқият болуға және жауапкершілікті күшейтуге жол полицейлері тарапынан бақылау күшейтілсе деген пікірлерін білдірді.  Акцияны ұйымдастырушылар тұрғындар талабын тыңдап, келешекте айтылған пікірлер ескерілетіні айтылды.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Қазіргі таңда барлық соттарда сот төрелігінің жүргізілуін, қабылданған сот актілері мәтіндерінің электрондық мұрағатын құратын, сот істерін компьютермен автоматты түрде бөлетін, құжаттарды бірыңғай есепке алуын қамтитын электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілген.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2003 жылы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (ҚР СО БААТЖ) бағдарламасы дайындалып бекітілген. Елбасы Н.Назарбаевтың судьялар съезінде сөйлеген сөзінде азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға, сот өндірісін жаңарту және жеңілдету, судьялардың сотта қателік жібермеуіне және заң бұзушылыққа жол бермеуіне, сот өндірісін жүргізуде үздік инновациялық технологияларды пайдалануға, сөйтіп толықтай «Электронды үкімет» жүйесі бойынша жұмыс жасауға көшу керектігіне айрықша тоқталған болатын. Мемлекеттік органдарда электрондық технологияларды енгізуге ҚР Президентінің 16.03.2011 жылғы №573 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы негіз болды.

Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер жасау жұмысы жандана түсті. Бұл маңызды тапсырманы орындауға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да белсене кірісті. Сот төрелігінің жүргізілуін, қабылданған сот актілері мәтіндерінің электрондық мұрағатын құратын, сот істерін компьютермен автоматты түрде бөлетін, құжаттарды бірыңғай есепке алуын қамтитын электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен 2003 жылы 9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (ҚР СО БААТЖ) бағдарламасы дайындалып бекітілді. 2007 жылы Қазақстан Республикасының барлық 378 сотында аталған бағдарлама енгізілді. ҚР СО БААТЖ бағдарламасы сотқа түскен арыздар мен істерді судьяларға автоматты түрде бөледі, Статистикалық есепті кез-келген күнге жасайды, бұрын қолма-қол құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына есептік карточкалар автоматты түрде қалыптастырады (әр сотталушыға, әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматқа, әр құқық бұзушыға, арыз-шағымдарға, бас шара қолдану туралы және т.б. карточкалар). Сот жұмысы, құжат айналымы толығымен бақылауға алынды, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты интернет-ресурсы арқылы сот актілерін көруге қол жеткізілді.

Қазіргі күні Қазақстан Республикасы сот органдары арасында қатынас, хат-хабар электронды түрде аталған бағдарлама арқылы және мемлекеттік органдар арасында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жүргізіледі, бұл уақыт жағынан тез және қаржы жағынан тиімді, себебі пошта, қағаз, картридж шығындарын азайтады.

Сонымен қатар, жаңа технологияны өркендету мақсатында сот жүйесі мен пошта арасында тапсырыстық хаттардың электронды түрде жіберілетіні және хат алушыға хаттың тапсырылғанды бағдарлама арқылы бақылауы енгізілді. Оны 2014 жылдың маусым айынан бастап соттарға қолданысқа енгізілді. Бұл жүйенің пошта шығындарын үнемдеуге өте тиімді болды.

Барлық соттарда ақпараттық-анықтамалық киоскілер ашылған. Осы киоск және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және облыстық соттардың сайттары арқылы кез келген азамат қаралатын істер тізімін, сот актілерін, соттардың сенім телефондарын, төрағалардың азаматтарды қабылдау, ашық есік күндерін көре алады, төрағаларға блог арқылы сұрақтарын қоя алады.

Сот саласында тағы бір жаңадан енгізілген жаңа технология ол бейнеконференцбайланыс жүйесі (видеоконференцсвязь). Қазақстан Республикасының әр аумағының сотталушылары қаладан ауданға жеткізілетін болса, қазіргі күні осы байланыс арқылы қашықтықта сот процесін жүргізуге, сұрақтар қоюға, жауаптар алуға мүмкіншілік бар. Соның арқасында барлық соттармен тікелей байланысқа шығып, түрлі жиналыстар мен «дөнгелек үстелдерге», семинар сабақтар мен тренингтерге қатысып, сот процестерін бақылауға мүмкіндік туып отыр. Интерактивті оқу орталығы судьялардың біліктілігін арттырудағы жұмысты жеңілдете түседі. Жаңа технологияның бірі ол сот процесін аудиобейнежазбаға жазу. Сот мәжілісі толық және жан-жақты төрт камераға жазылады, бұл сот процесін хаттамаға толығымен түсіруге мүмкіншілік береді, сондай-ақ іс бойынша жазылған процесс бірден бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесіне тіркеледі. Және осы жүйе арқылы қысқа хаттама түзуге болады. Бұл сот мәжілісінің хатшысының жұмысын жеңілдетеді.

Жоғарыда аталған ақпараттық жаңа технологиялар арқылы сот саласы халыққа ашық әрі қол жетімді. Ендігі мақсат осы жаңа технологияларды жұмыс барысында дұрыс, тиімді пайдалану, игеру.

Ең жоғарғы саты болып табылатын, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен бейтараптығын қамтамасыз ететін, барлығының сот алдында тендігін және әділдікке кепілдік беретін Қазақстанның соттары адам құқықтарын барынша үздік қорғау мақсатында қажетті жәрдем көрсетеді. Сот жүйесінің халық үшін ашық, әрі қол жетімді болуы үшін сот төрелігі мен ақпаратқа қол жеткізу бойынша халықтың сұраныс деңгейін арттыруы әбден мүмкін.

БААТЖ бағдарламасында қазіргі кезде бақылауға алу функциялары көптеп енгізілуде. Атап айтқанда, тұрақты түрдегі бақылау құжаттары, тез арада орындалатын бақылау құжаттары, күшіне енбеген сот үкімдері, дайын болмаған сот актілері мен сот отырысының хаттамалары, резолюция арқылы тапсырылған тапсырмалардың уақытында орындалуын қадағалау пунктілерін күнделікті пайдалану арқылы өз жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігі туған.

БААТЖ көптеген тіркеу журналдарын, статистикалық кәртішкелерді және сот ісін жүргізуді ұйымдастыруға қатысты басқа да көмекші құжаттарды алмастырды. Сөйтіп, түптеп келгенде, істі тіркеу үдерісін жетілдірді, ақпарат өңдеу мен құжаттарды беруге жұмсалатын уақытты үнемдеу арқылы сот статистикасындағы мәліметтерді жинаудың пәрменділігін арттырды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 15.11.2014 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «ТӨРЕЛІК» ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде 2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық соты және аудандық соттарда  «ТӨРЕЛІК» пилоттық жобасы енгізілді.

Бұл жаңашылдықтың мақсаты - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу болып табылады.

Осыған байланысты соттардың сот мамандарымен замануаи «ТӨРЕЛІК» құжатайналым ақпараттық жүйесін зерделеу бойынша оқу семинарлары ұйымдастырылып өткізілуде.

Пилот өткізу шеңберінде соттар күнделікті «ТӨРЕЛІК» жүйесімен кіріс және шығыс құжаттарды, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді тіркеу, сот актісін енгізу, сот отырысының уақытын толтыруларды жүргізеді.

Мамандардың айтуынша, осы жүйенің артықшылықтары, яғни осы жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері он-лайн режімінде көрінеді.

Сот мамандарына осы жүйе бойынша арнайы нұсқаулық және сот ісін жүргізуде негізгі бағытталған жұмыстарының бейнежазбасы ұсынылған.

Сот ісін жүргізудің замануаи жүйесін енгізу бойынша қойылған тапсырмаларды орындауда, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының қызметкерлері тиімді және сапалы қызмет атқарумен қамсыздандыру үшін, инновациялық технологияларды кеңінен қолдану бойынша арнайы жоспарланған шараларды жүзеге асыру үшін белсенді жұмыстар атқаруда.

Л.Құнанбаева, Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі 

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011-жылы 28- қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді.Медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі – кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мыналар: мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды. Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.  Қылмысты жасалғаны үшiн ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекетжәне ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес, сондай-ақ ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет және бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жатады. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргiзу кезiнде тараптар қол жеткiзген дау-шарды реттеу туралы келiсiм жәбiрленушiге келтiрiлген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбiрленушiмен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келiсiмдi бiлдiредi.Соттың қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу бойынша медиация туралы шарт іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болып табылады. Ең бастысы, медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады. Қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады. Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды. Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық

сотының кеңсе меңгерушісі Л.Құнанбаева

Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдал арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді. Халық арасында жұлын құрт, індет аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың белең алатыны да рас. Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресейік дегім келеді.

К.Камзин, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

бас  маманы, сот мәжілісінің хатшысы

Бүгінгі таңда қоғам мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілеттілікті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

Балаларды мамандық таңдауға бағдарлау ерте жастан басталғаны жөн, себебі дұрыс таңдалмаған мамандық қоғамға да кері әсерін тигізеді. Кез келген маман иесі өз ісін ыждаһаттылықпен, жауапкершілікпен атқармаса, ол іс нәтижесіз болары сөзсіз. Әлемде мамандық түрлері өте көп, осы көп салалы мамандықтарға таңдау жасау әрине оңай емес.

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінде тамыз айында кәсіптік бағдар беру бойынша кабинет ашылды. Мектеп оқушыларын мамандыққа бағдарлау мақсатында кабинет жұмысы жоспарланып өз ісін бастады. Алғашқы сабақтарда оқушылардың қызығушылығы мен Отансүйгіштік қасиеттерін дамыту үшін Қостанай қаласындағы әскери академия жайлы бейнеролик көрсетілді. Өскемен қаласындағы педагогикалық колледждің кәсіптік бағдар берушілері келіп, оқушылармен кездесу ұйымдастырылды, колледж өмірінен бейнефильм көрсетілді, таныстыру мақсатында шағын кітапшалар таратылды. Оқушыларды ауыл шаруашылығына қажетті мамандыққа бағыттау үшін Самар аграрлық - техникалық колледжінің тыныс-тіршілігі, онда дайындалатын мамандықтар туралы кеңінен әңгімеленіп, бейнероликтер көрсетілді. Техника тілін таба білу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оған бейім балалар өздері таңдау жасайды. Бұл колледжде балалар жиі қонақта болып, ондағы оқушылардың өмірі, сабақ оқу әдісімен танысады. Колледжде дуальдік оқыту әдісі қолданылатыны туралы олар қазір жақсы біледі.

Оқушыны мамандық әлеміне бейімдеу мақсатында мектеп психологі А.Кезенбаева «Менің сүйікті мамандығым» атты дәріс оқыды, «Қазақстандағы ең абыройлы – 20 мамандық» атты сауалнама алынып, оқушылардың мамандық туралы білімдері сараланды. Климовтың «Дифференциалды – диагностикалық сауалнамасы» әдістемесі бойынша жұмыстары жүргізілді. 9 «а» - 9 «ә» сыныбының оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты ой –бөлісу тәрбие сағаты өтілді, оқушылар бірнеше мамандықты меңгерген Жұбандық Болғанбаев туралы мағлұмат алып, өздері таңдап жүрген мамандықтарын қорғады. Олар мамандық таңдаудың маңызына, әр істің шебері болу керектігіне көз жеткізді, өз мектебі туралы мол мағлұмат алды, мектеп түлегінің моделін жасады. Абай атамыз: «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»,- дегендей, алға ұмтылу, маман иесі болу әр оқушының арманы деп ойлаймын.Тәрбиешілермен, психологпен бірлесіп атқарар бұл жұмыстың да өзіндік салмағы бар. Кәсіптік бағдар беруді қолға алып, мектебімізде осы кабинеттің ашылуына ат салысқан кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының төрайымы Мұқашева Әлия Орынбекқызына алғыс айтамыз.

Б.Ахметқалиева, кәсіптік бағдар кабинетінің меңгерушісі ,

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі

 

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз