Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлт жоспарының 33-қадамын орындау мақсатында 2016 жылы «Пробация туралы» Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының «Пробация туралы» қабылданған Заңы пробацияның ұйымдастыру және іс-қимыл жасау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, пробацияның мақсатын, принциптерін, нысаны мен түрлерін, түсінігін анықтайды, сонымен бірге пробация қолданылатын тұлғалардың және оны орындайтын субъектілердің құқықтық мәртебесін анықтайды.


22 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Айдын Атаев ауданда болып қайтты. Әкімшіліктің мәжіліс залында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалдыбаев, аудан прокуроры Бақытбек Қарымсақов, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және аудандық пробация қызметінің өкілдері қатысты. Жиында пробация қызметі жұмысының қорытындысы сөз болды.
Баяндама жасаған №1 аудандық пробация қызметінің басшысы Д.Айдаров атқарылған істер мен оның дәлелі саналатын цифр-ларды жіпке тізді. Сонымен қатар, жазасын өтеп шыққан немесе шартты түрде жазаға кесілген аудан тұрғындарының жағдайы баяндалды. Аудан бойынша қателікке ұрынып, жаза басқан, одан соң ортамен араласуды көздеген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасса, кейбірі қоғамдық жұмысқа тартылған. Жоспарда бұл сандардың өсуі көзделген. Сол себепті, мұндай адамдарды арнайы оқуға жіберу, тұрақты жұмыс табу үшін шаруа қожалықтары басшыларымен келісімге келу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырту секілді шараларды атқару ойда бар.
Кездесу барысында пробация қызметінің материалдық-техникалық базасының жағдайын жақсарту да талқыға түсті. Аталмыш қызметтің өкілдері заман талабына сай технологиялардың кемшін екендігін алға тартып, жұмыс істеуге қажетті ғимаратттың бөлінуін сұрады. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қалдыбаев жиында айтылған мәселенің жерде қалмайтынын ескертті. Ішкі істер бөлімінің басшысы болса, бұл сұрақтар ретімен шешіліп жатқанын алға тартты. Аудандық ішкі істер бөлімі жаңа ғимаратқа көшкенде пробация қызметіне қажетті бөлмелер бөлініп, су жаңа заманауи техникамен қамтылатын болды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз