Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданында ұлттық спорт – көкпарды дамыту бағытында мақсатты жұмыстар іске асырылып жатыр. Көкжота ауылында ұлттық ат спорты мектебі құрылды. Көп жылдан бері шағын ауылдың жас шабандоздарын шынықтырып, аттарын баптап, аудан намысын облыста абыроймен қорғап жүрген ардагер көкпаршы Қанат Биқатов аталмыш мектептің тізгінін ұстады. Енді міне, аудан орталығында бекзада өнердің көкжиегін кеңейтетін тағы бір шара өткізілді. Жастар орталығының мұрындық болуымен 6 қазанда әр ауылдан жинақталған 5 құрама аудан әкімінің кубогын сарапқа салды.

 

Ұлтымыздың бойына сінген асыл өнерді дамытуға бағытталған шараны барлық елжанды азаматтар қолдап әкеткен екен. Жастар орталығы, спорт бөлімі, ауылдық округ әкімшілігі бірлесіп жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне барын салды. Көкпар десе делебесі қозатын шабандоз жігіттер де жан алысып, жан беріскен ойындар барысында тартысқа толы ойын көрсетті.
- Көкпар ойыны – ұлттық мұрамыз. Жастарды ептілікке, төзімділікке, батылдыққа баулитын спорт болғандықтан оны дамытуға атсалысу біздің міндетіміз. Ауданға келген күннен қамқорлығына алып, жағдайымызды жасап, жұмысты жүйелі жолға қойып жатқан Асхат Сайдахметұлына мың алғыс. Бүгінгі күні Жастар орталығының директоры Азамат Халық бастап қолға алып жатқан азамттардың ісі бізді әрине, қуантады. Әр ауыл-да, әрбір отбасында көкпар ойнайтын пауландар тәрбиелесек ұлттық намысымызды маздатамыз, - дейді Қанат Биқатов. Көкжоталық палуандар биылғы жылы облыстық халықтық спорт ойындарының жеңімпаздары екенін атай кеткен абзал.
Ауданда ұлттық спорттың дамуына бел шеше кіріскен азаматтардың елеулі еңбегінің арқасында көкпар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Алғаш рет өткізіліп отырған дүбірлі додаға келген көкпаршылар да күш-жігерін аянып қалмады. Кіл мықтылар арасынан кәсібиліктерімен оза шапқан Көкжайықтың «Ардагер» құрамасы аудан әкімінің кубогын иеленді. Жеңімпаздар құрамасында ойын көрсеткен тақымы тастай берік Әлібек Мәулен мен әйгілі атбегі Нұржан Смағұловтың ойыны көрерменнің айызын қандырды. Құрамында Мұратқазы Бекішев, Батыр Смағұл сынды көкжал ойыншылары бар. Көкпекті құрамасы 2 орында иеленсе, Тассай ауылының көкпаршылары 3-орынды олжалады. Сонымен бірге, Мамай ауылынының және Ақой жігіттерінен жасақталған Көкжайықтың екінші құрамалары көрсеткен ойынға көрермен дән риза. Бұл күні құрыш білекті палуандардың туын желбіретіп, мерейін үстем қылған Асланның Ақтанауы, Ермектің Көкбестісі сынды тұлпарлар салған сүбелі салымдарды көрген ел әлі көпке дейін ұмыта қоймасы анық.
Күн ұзаққа созылған қызу көкпардан түйгеніміз - көп болып қолға алсақ ұлттық мұраға қызығушылық арта түседі. Көкпектіде көкпарды дамыту үшін барлық жағдай бар. Жүйрік ат та, шабандоз бала да табылады. Бекзада өнердің ауданда қанат жайып дамуы үшін әр ауылда құрамалар жасақталуы бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі. Сонда ғана, Көкпектідегі көкпардың келешегі жарқын болмақ.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз