Ұстаз ұлағаты ұрпақ болашағына жол ашар ұлы қасиет екенін ескерсек, ұлы тұлғалардың тәлімді тәрбиесі санадан шықпақ емес. Ұстаз деген ұлы есімді мәңгі ұлықтап өту де артықтық етпейді. Бұл ретте белгілі педагог В.А.Сухомлинскийдің өзі: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады», - деп баға берген.
Қызмет жолында жоғарғы дәрежеге жеткен педагог мамандардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың 5 қарашасында, Өскемен қаласының «Балалар шығармашылық» сарайында «Қосымша білім берудің үздік педагогы - 2015» облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқауға, облыстың 14 ауданынан келген педагогтар өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетті. Байқау 2 кезең бойынша өтті, бірінші кезең «Үздік портфолио», ал екінші кезең «Ұстаздық мамандықты таңдау себебім?» атты эссе оқу болатын. Осы байқауға Көкпекті ауданының «Балалар өнер мектебінің» педагогы Шарипа Саруарқызы Таныбаева қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Шарипа Саруарқызы қызмет етіп жүрген ұжымдағы әріптестері Қ.Ахметқалиева, А.Байғалиева, З.Тұрлыбаева және мекеме директоры А.Сүлейменов «Шеберлік сыныбына» ат салысып, қолдау көрсетті. Көкпекті ауданының атағын асқақтатқан әріптесіміз Шарипа Саруарқызының жеңісіне жеміс тілей келе, алдағы алар асуларыңыз көп болғай дегім келеді.
А.Айпқазиева,
Балалар өнер мектебі
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған», - деп төрелігін өзі шешкен Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай Самар орталық кітапханасында «Абай оқулары» кеші өте қызықты өтті. Бұл кештің мақсаты - ұлы ақынның артында қалдырған еңбектерін жас ұрпақтың санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойына сіңіру.
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», деп өсиет қалдырған қазақ халқының ғұлама ойшылы, данышпан ақынының шығармаларын және аудармаларын Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің оқушылары, №1 Самар орта мектебінің оқушылары, Этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Э.Степанова кітапхананың үздік оқырманы Б.Саудагерова оқыды. Ж.Болғанбаев атындағы мектептің оқушылары «Ақырын жүріп анық бас» атты қойылым көрсетті. Оны дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Хасенова.
«Алтын күз» - берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін кештердің бірі. Күз мезгілінде сары алтындай күйге енетін табиғат көркіне көз тоймайды. Уылжып піскен жеміс-жидектер әр үйдің дастарханын молшылыққа кенелтеді.
Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасында байлықтың символы күз мерекесіне арналған «Ғажайып күз» атты мере-келік ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікті балабақша тәрбиешілері жоғары деңгейде жауапкершілікпен жүргізді. Бұл күні балдырғандардың керемет өнерлері, тамаша билері, әсем әндері күз ғажайыбын әрлендіре түсті.
Қазақ халқының ана тілі –қазақ тілі. «Қазақ тілі - өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүрегіңді жадыратып, құлақ құрышын қандырып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді», - дегенді Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқан. Әр патриот, елін, жерін сүйетін азамат «Ана тілі - қазақ тілі» - деген сөзді көкірегіне емес жүрегіне жазатын, жадында сақтайтын уақыт жетті.
Біздің мектебімізде 12-22 қыркүйек аралығында Қазақстан Рес-публикасы Халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік іс-шаралар өткізілді. Онкүндік мерекелік жиынмен басталды. Жиын-да оқушылар әр ұлттың тілінде өлең оқып, ән айтып, тілдер күні мерекесінің маңызы туралы барша оқушыларға мәлімет берді.
Толығырақ...Қазақ руханиятының шыңы ұлы ақын - Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына арналған «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңестігінде» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы аясында өткен облыстың «Абай оқулары-2015» байқауына Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы Қасенов Ілияс қатысып, жүлделі 3 орын иеленіп оралды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ә.Қуандықов талапты оқушы Ілиясқа оқуға түсуге жеңілдік сертификатын табыстады.
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте дарынды оқушыларды облыстық, республикалық сайыстарға дайындау үрдісі жақсы жолға қойылған. Осы орайда оқу ісінің меңгерушісі Габдулина Бақытжамал Жексенбайқызының басшылығымен жүйелі жұмыстар жүргізіліп отыр. Б.Жексенбайқызы шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерге үнемі әдістемелік көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады.
Осындай тынымсыз еңбектің арқасында биылғы оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері мектебіміздің абыройын асқақтатуда. Соның бір дәлелі шәкіртіміз Ілияс Қасеновтың қол жеткізген жеңісі. Ілияс 6-шы сыныптан бастап Абай Құнанбаевтің өлеңдерін жаттаған, көңіліне тоқыған. Қазіргі уақытта талапты оқушы Абай атамыздың 120 өлеңін, 1 поэмасын жатқа біледі .
Сайыста Венгриядан, Қытайдан келген қонақтар төрелік етті. Дарынды оқушы Ілиясты «Қазақстан Өскемен»телеарнасынан көрсетті. «Дидар» газетінің тілшілері сұхбат алды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.