1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында еліміздегі 2017-2018 жылы ұйымдастырылған оқу жылының басталуы мақсатында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атымен өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының өткізілетіні хабарланды.
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық сотының ұжымы аз қамтылған отбасыларын оқу құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында кезекті ретте өткізілген қайырымдылық акция іс-шарасына қатысып, Ж.Шайжүнісов атындағы орта білім мектебінде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға мектепке қажет құралдарын (сөмке, дәптер, канцелярлық товарлар, спорт киімін) алып берді.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға,ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
Көкпекті аудандық
сотының баспасөз қызметі
Биылғы оқу жылы аяқталғаннан кейін оқушылардың жазғы демалысы ерекше сипат алғандай. Олай дейтініміз аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың бірқатары елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне саяхат жасап, ғалам кереметтерін көзбен көру мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі таңда әлемдік көрмені аудан мектептерінен 514 бала тамашалап үлгерген. Бөлім мамандары мен ұстаздардың жетекшілік етуімен ұйымдастырылып отырған саяхат көрме аяқталғанға дейін жалғасын таппақ. Ал, бар әлем назары ерекше түсіп отырған халықаралық деңгейдегі көрмені тамашалаған балалар алған әсерлерін жасырмады.
Балаларға базарлық. Тассай түлектері туған ауылына ойын алаңын орнатып, бүлдіршіндерді қуантты. М.Әуезов атындағы орта мектептің 1997 жылғы түлектері ауылдың бүлдіршіндеріне тосын сый жасап, ерекше өнеге үлгісін көрсетті. Игілікті істің басы-қасында болып, сәтті жүзеге асуына барынша атсалысқан ауыл әкімі Ержан Мазыбаевтың іскерлігіне тассайлықтар тәнті.
Жеткізгелі отырған сүйінші хабар әр көкпектіліктің кеудесіне қуаныш ұялататыны сөзсіз. Өйткені, республика көлемінде маусым айының соңғы онкүндігінде өткен жаңа форматтағы ҰБТ сынағы біздің ауданның білім беру саласы қызметкерлері мен мектеп түлектері және көпшілік қауым үшін табысты аяқталды деуге болады. Айта кетсек, биылғы түлектердің мектеп қабырғасында алған білімдерін сарапқа салған Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысында аудандағы орташа көрсеткіш 94 баллды құраған еді.
Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Гаухар Жұматайқызының айтуынша, жоғары нәтиженің арқасында Көкпекті ауданы облыс аудандарының арасынан І орынға ие болды. Облыс аудандарының ішінен 94 баллмен бірінші орынға көтерілу аудан ұстаздарының мәртебесі, олардың тындырымды еңбегінің арқасы десек те, бұған шәкірттер мен ата-аналардың қосқан үлесі де зор.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнегін себеді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.