Туған жер...Осы сөзді естігенде адамның бойына ерекше жылулық тарап, балалық шағын кіндік қаны тамған жерін есіне алады. Менің туған жерім, Отаным – кішкентай болса да мен үшін аса қымбат, Қалбаның күнгей бетін алып жатқан, «Толағай» тауының шұрайлы кең жазығында орналасқан қасиетті де киелі Көкпекті ауылы.Осы туған жерім жайлы сіздерге біраз сыр шерткім келеді.
Мен кіші Отанымды «Тамырын тереңге жайған Көкпектім» деп жиі айтамын.Неге десеңіз, тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Көкпекті Патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты тұсында 1727 жылы бекініс ретінде алғаш бой көтерген. Кейін 1780 жылдан бастап «Көкпекті ауылы» деп атала бастаған болатын. Жылдар өте келе 1932 жылы Көкпекті ауданының орталығына айналды. Қазіргі күнде де облыс төрінде орналасқан ауылым өзінің «аудан орталығы» қызметін мүлтіксіз атқаруда. Міне, осындай тарихи кезеңдерден өткен қасиетті мекенді тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке қалай теңемеске?...
Қазақтың дарынды ақыны Мағжан Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт», - деген болатын.
Бүгінде Мағжан сөзін негізге ала отырып, болашақ ұрпақтың білімді де, білікті болуы үшін, мұғалімдерге бар мүмкіндікті жасап келе жатқан басшы Аслан Таныспаев басқаратын Көкпекті орта мектебі жаңа жылды жағымды жаңалықтармен бастады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Астана қаласының «ІQ» - Интеллекті дамыту орталығы ұйымдастырған «Білім кілті- кітапта» атты білімділер байқауында рухани жаңғырудың үздік үлгісін үздік туынды арқылы көрсеткені үшін, Көкпекті орта мектебінің 6 сынып оқушысы Бекжан Жексенбеков ІІ-орынды алды. Бекжан жетекшісі орыс тілі мен пәнінің мұғалімі Амангелді Азанбайұлы Байғалиевтің жетекшілігімен Қазақстан интернет олимпиадасына белсенділікпен қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі ме-рекесі қарсаңында Астана қаласында 17 желтоқсан күні «Аяулы Астана» Халықаралық өнер байқауы болып өтті. Республикалық байқауға Көкпекті орта мектебінің төрт бірдей үміткер өнерпаз оқушылары қатысып, өз өнерлерін Астана қазылары алдында сарапқа салды.
«Менің мектебім» акциясы біздің ауданымызда да өз жемісін бере бастады. Алғашқылардың қатарында Үлкенбөкен ауылындағы кезіндегі Үлкенбөкен орта мектебінің түлегі Қайролла Қайсанов болды. Туған ауылын ұмытпаған азамат өзі түлеп ұшқан ұясында білім алып жатқан жас жеткіншектердің замануи білім алуына жағдай жасап, елмен бірге атсалысты.
Толығырақ...Жаңа жылды ерекше бір жылылықпен, асыға күтетініміз рас. Шырша безендіріп, әдеттегіден өзгеше дәмді тағамдар дайындап, кәдімгідей әбігерге түсеміз. Ал, бүлдіршіндер үшін жаңа жыл мерекесі – асыға күтетін асыл сәттердің бірі. Мейрамның иісi сезiлiп, Жаңа жылдың лебі біліне салысымен барлық елдімекендерде шаттыққа толы кештер ұйымдастырып, жаңажылдық шырша мерекесі өткізіледі.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.