Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнегін себеді.


Шәкірттердің жетістігі ұстаздың еңбегі екені рас. 2016-2017 оқу жылында мектебіміз лицей статусын алды. Физика және математика бағытында тереңдетіп оқытатын сыныптар ашылды. Менің ұстаздық қызмет атқарып келе жатқаныма биыл 32 жыл болды. Соның ішінде Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте 28 жыл бойына дәріс беріп келемін. Осы жылдар аралығында физика пәнін таңдаған бірнеше грант иегерлерін дайындап шығардым. Қазіргі кезде оқушыларымыз еліміздің түкпір-түкпірінде жоғарғы оқу орнын аяқтап, еңбек етіп жүр.
Жыл сайын шәкірттеріміз аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларына қатысып, жүлдегер атануда. Соның бірі, мектебіміздің биылғы жылғы түлегі Еркебұлан Қамбаров.
Еркебұлан - оқу озаты, «Алтын белгіге» үміткер. Бейіндік пәні - физика. Болашақта техникалық мамандық иесі болуды мақсат тұтып отыр. Биылғы оқу жылының 6-8 сәуір аралығында Еркебұлан физика пәнінен Байқоңыр қаласында өткен В.Челомей атындағы Халықаралық ғарыштық мектебінің базасында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІІІ Халықаралық ғылыми жарыстарына қатысты. Талабы зор шәкіртіміздің 3 жыл бойы айналысқан зерттеу жұмысының нәтижесін көріп отырмыз. Зерттеу жұмысының тақырыбы «Электр өткізгіштігінің тәуелділігін және электролит концентрациясы диссоциациялану дәрежесін зерттеу». Еркебұланның ғылыми зерттеуі барысында ата-анасы көп көңіл бөліп, қолдау көрсетті. Жобаға ШҚМУ-дың физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Павлов ғылыми жетекшілік жасады.
Халықаралық ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша Еркебұлан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама ретінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражайына, «Буран» орбитальді корабліне, академик С.Королевтің және Жер ғаламшарының тұңғыш ғарышкері Ю.Гагариннің мемориалды үйлеріне танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Еркебұлан осы жарыстан үлкен әсер алып қайтты.
Оқушымыздың оза шауып, жеткен жетістігі мектебіміз үшін үлкен абырой деп ойлаймын. Осындай жетістікке жетуде жауапкершілік танытып, алған тақырыбын терең зерттеп, табандылық көрсеткен Еркебұланға ризашылығымды білдіремін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуы тиіс», - деген. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Еркебұланның болашағынан зор үміт күтеміз.

А.Сенгербаева,
Самар ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз