Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы оқу жылы аяқталғаннан кейін оқушылардың жазғы демалысы ерекше сипат алғандай. Олай дейтініміз аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылардың бірқатары елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне саяхат жасап, ғалам кереметтерін көзбен көру мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі таңда әлемдік көрмені аудан мектептерінен 514 бала тамашалап үлгерген. Бөлім мамандары мен ұстаздардың жетекшілік етуімен ұйымдастырылып отырған саяхат көрме аяқталғанға дейін жалғасын таппақ. Ал, бар әлем назары ерекше түсіп отырған халықаралық деңгейдегі көрмені тамашалаған балалар алған әсерлерін жасырмады.


Рената Сейфиева, Преображенка орта мектебі:
- Биыл біздің елімізде өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келгеніме өте қуаныштымын. Көрмеде көптеген елдердің павильондарына кіріп, әр ұлттың салт-дәстүрімен, өнерімен, экономикалық тұрғыда даму ерекшеліктерін көрдік. Әсіресе, биылғы көрменің тақырыбына сәйкес жасыл энергетика, күн энергетикасына байланысты ұсынылған жұмыстар өте қызықты болды. Ғылымға қызығушылығы бар әр адам міндетті түрде көрмеге келуі тиіс деп ойлаймын.
Дидар Фахрутдинов, Көкпекті орта мектебі:
- ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келу мен үшін үлкен мақтаныш. Әр елдің түкпір-түкпірінен келіп жатқан халықтар, біздің отандастарымыздың қуаныштарында шек жоқ. Заманауи технологиялармен жасалған ғимараттар, көрмеге ұсынылған қойылымдар да көз тартарлық. Бірнеше мемлекеттің, атап айтқанда, Африка, Индонезия, Қытай, Малайзия павильондарын аралап, зор әсер алдық. Сонымен қатар, өз еліміздің «Нұр Әлем» павильонын тамашалап, таңдай қақпаған адам жоқ шығар. Мұнда ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын көрме, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» тақырыбына байланысты жаңалықтар ұсынылған.
Аяна Мұқиятқызы: Көкпекті орта мектебі:
- Шынымды айтсам, менің көрмеге Астана қаласына жасаған ең керемет саяхатым болды. Еліміздің Бас қаласының әсемдігі, сұлулығы жайлы көп еститінмін. Енді міне, арманым орындалды. Біздің ауданымыздан барған оқушыларды Бәйтерек, Ханшатыр, Ұлттық мұражай, Тұңғыш президент кітапханасы сияқты Астана қаласының көрнекті орындарын аралатты. Қаланың әсем сәулетін көргенде, ғаламдық көрменің біздің елімізде бекер өтіп жатпағанына көз жеткіздік. Ал, көрменің өзі мүлде бөлек әңгіме. Себебі, бұл жерде тек ғылыми жобалар мен ұсынымдар ғана емес, келген қонақтардың көңілін аулайтын қызықты бағдарламалар да ұйымдастырылған. Сонымен қатар, көрме әр елдің мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Білім беру бөлімінің бізге берген ақпараты бойынша, жалпы көрме аяқталғанға дейін ауданымыздың 707 оқушысы ЭКСПО қонағы болады. оның 548 аз қамтылған отбасының балалары болса, 155 ата-аналарының қолдауымен бармақ.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз