14 сәуір күні аудан орталығындағы Балалар өнер мектебінде өткен «Үкілі домбыра» дәстүрлі ән байқауында ауыл мектептерінен келген жас өнерпаздар бәйгеге түсті. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, мәдениетін балалар арасында кеңінен таратып, ұлттық өнерді сүюге, оның мәнін түсініп, одан тәлім алуға бағытталған игі бастамаға қатысушылар жас таланттардың ән-күйіне тәнті болып қайтты.
Ұлттық өнердің жанашыры, Балалар өнер мектебінің директоры Асқар Дүйсенбекұлы Сүлейменовтің бастамасымен қолға алынған дәстүрлі ән, халық әндері, жыр-термелер орындау-дан өткен байқауға аудан аумағындағы 3 мектептен 4 оқушы, атап айтқанда, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешенінен 2, Амангелді атындағы ОМ-тен 1 және Абай атындағы ОМ-тен (Үлгілімалшы ауылы) 1 жас өнерпаз келіп қатысты.
Алдыңғы аптада Көкпекті ауылындағы «Балерке» балабақшасында Наурыз мерекесіне орай, «Армысың, Әз-Наурыз» атты мерекелік кеш болып өтті. Балабақшадағы «Күншуақ», «Айшуақ», «Жұлдыз» топтары қатысты. Әр топ ауыл болып, Наурыз туралы өлеңдері мен әндерін айтып өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, ертеңгілік барысында балабақша тәрбиешілері Е.Оспанова, А.Көкенова, Д.Ақабаева, Ж. Бураханова, Н.Кө-песованың ұйымдастыруымен халқымыздың қыз қуу, арқан тарту, асық ату ұлттық ойындары ойналып, «тұсау кесу», «құда түсу» салт-дәстүрлері көрсетілді.
Толығырақ...Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде өткен сенбіде есептеудің ерекше түрі - менталды арифметикадан аудандық олимпиада өтті. Оған Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті мектебінен ІSMA курсын оқып жүрген шәкірттер қатысты. Олардың барлығы арнайы эмблемасы бар киім киінген. Керекті құрал-жабдықтары да қарапайым: бұрынғы есепшотқа ұқсас абакус, қарындаш пен қалам, ақ парақ және секундомер. Бірінші деңгейдегі және түрлі жастағы (1-4 сынып) оқушылар қатысқан олимпиада Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау салтанатымен басталды.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 2 наурызында, Көк-пекті ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ.Қал-дыбаевтың төрағалық етуімен ауданның білім мекемелері басшыларымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында «Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде үш тілде білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысты. Семинар-кеңесте аудан мектептеріндегі мемлекеттік тілдің жағдайы, атқарылып отырған жұмыстар сөз болды.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 31 қаңтар және 14 ақпан аралығында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ғаламшар денсаулығы менің қолымда» атты республикалық экологтар байқауына Көкпекті ауданы «Балалар өнер мектебінің» оқушысы Ақылбек Азанбаев қатысты.
Республикалық сайыс қорытындысында Ақылбек 7-10 жас ерекшеліктері аралығында байқау жеңімпазы атанып, I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы байқаудан «Балалар өнер мектебінің» жас натуралист үйірмесінің жетекшісі А.Байғалиева оқушыны дайындағаны үшін Алғыс хат алып қайтты.
Балалар өнер мектебінің ақпараты
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.