Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1986 жылы жаз айында Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылында бір ақын келіншек бар дегенді Сембай Жансақовтан естіп, Қалихан ағамыз Жармаға іздеп келді. Ол кезде мен Қапанбұлақ ауылының Тұрлыхан Хасенұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектепте мұғалім болып істеймін. Жақын қоныстанған барлық ауылдар мен совхоздарда болған тойды басқарып, келіннің бетін ашатынмын. Бірде Егінбұлақ деген ауылға той жүргізіп, келіннің бетін ашып, құдаларын күтіп таң ата үйге келдік. Күн жексенбі болғандықтан дем алып, жайырақ тұрмақшы болып жатқанда есік қағылды. Жолдасым терезеден қараса, үй артында қара волга тұрғанын көреді. Маған келіп: «Тұр, кісілер келді» деді де, барып есік ашты. Мен де дереу киіне бастадым. Біздің мектепте істейтін ардагер ұстаз Тәңірберді Ерменбаев деген ағамыз әйелі Бақжамал апай екеуін танимыз. Ал қасындағы орта жастағы екі қонақты танымадық. Аққұбаша үлкендеу кісі төрдегі диванға отыра қалып, домбыраны қолына алып, әндетіп қоя берды.

Толығырақ...

Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Сармановтың ұйымдастыруымен 24 қазан күні тұңғыш рет «Күзгі марафон» ұйымдастырылды. Бұл спорттық-туризмдік шараға мектеп ұстаздары мен 13-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Марафон басталар алдында қатысушыларға қауіпсіздік ережелері және саяхатшылық сапарда өздерін қалай ұстау туралы нұсқаулықтар жүргізілді.
Аталмыш шараның қалай өткені, балалардың одан қандай әсермен оралғаны жайында бізге Біржан Асқарұлы әңгімелеп берді:
- Биғаш ауылына қарай жүретін бағыттағы орманға келіп жеткенде оқушылар бивак құруға және орналасатын орынды жабдықтауға кірісті. Келесі кезекте бірнеше тур бойынша жарыстар басталды. Атап кетсем, жолда кездесетін кедергілерден өту үшін балшықты-сазды жерді басып өту, секіру; аяқты мертіктіріп алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, ботқа пісірушілер байқауы; бивак пен оны құру; уақытқа қарап палатка жинаудан сайысқа түсті.

Толығырақ...

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасын іске асыру аясында «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.

Толығырақ...

Өткен аптада іргелі білім ордасы Көкпекті орта мектебінде аудандық жас ақындар байқауы өтті. Байқау «Құрмет» орденінің иегері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қаз.КСР Ағарту ісінің үздігі, құрметті академик, профессор, даңқты ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваны еске алуға арналды.
Мектептің акт залына қойылған көрме, талапқа сай безендірілген сахна, интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған ұстаз туралы бейнефильм «Дәуірдің дара ұстазы» тақырыбындағы шараның мазмұнын толықтыра түсті.

Толығырақ...

Ұрпақ тәрбиесі ұстазға байланыс-ты ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ал осынау қастерлі мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген жұртшылықтың алғысы, ризашылығы шексіз.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз