Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолда-нылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызы кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса, косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар, көптеген аурулардан емдік зат болып табылады. Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер, ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.

Айтуға жеңіл болғанымен, кішкентай үйшіктердегі аралармен айналысып, олардан бал алу ұзақ уақыттық еңбекті қажет етеді. Осы саланың еңбеккерлерін омарташы деп атайды. Солардың бірі «Фацелия» қожалығының басшысы Александр Матвеевич Шаров.
Аталған шаруашылық біршама жылдар бойы еңбек етіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол шағын омартадан 800 гектар жерді алып жатқан 200 омартасы бар үлкен фермаға айналып үлгерген. Бұнда тек сапалы бал алу ғана емес, осы жердің табиғатына бейімделген араларды өсіру жұмыстары да атқарылады. 2010 жылдың қараша айында «Фацелия» қожалығы асыл тұқымды щаруашылық мәртебесіне ие болды. Облыстық және республикалық сауда жәрмеңкелерінің, сондай-ақ, Халықаралық омарташылар фестивалінің тұрақты қатысушысы болып табылады. Нақтырақ айта кетер болсақ, Александр Матвеевич 2013 жылы Халықаралық омарташылар фестивалінде алтын төсбелгімен марапатталған. Сонымен қоса, балдың сапасы бойынша 3 орын иеленді.


«Фацелия» ара шаруа қожалығының өнімдері ауданымызда ғана емес, облыс-аймақ бойынша да әрдайым жоғары сұранысқа ие. Айта кетсек, былтырғы жылы олар облысты қамтыған 6,5 тонна бал алған. Омарташының айтуы бойынша аталмыш шаруашылықты оның бүкіл отбасы кәсіп етіп отыр. Ғалым ұлы Максим бар өмірін асыл тұқымды араларды зерттеуге жұмсаған, бүгінгі таңда Уссурийскте қызмет етеді.
Ара шаруашылығын әбден меңгерген омарташы аталмыш кәсіпке қызығушылық танытқан әр адамға білгенін айтып, тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтады.
Ауданымыздағы Қ.Раев атындағы балалар үйі жұмыс істеп тұрған кезде шаруа қожалығы жаз айларында балалардың қуана келіп, шаруашылықтың қыр-сырын үйренетін сүйікті орны болған. Алайда, балалар үйі жабылғаннан кейін ауданымызда бұл салаға қызығушылық танытатын жастар қатары жоққа айналған. Александр Матвеевичтың айтуы бойынша, қазіргі таңда жаз айларында қожалықта осы кәсіпті үйренуге ынтасы бар Самар Агротехникалық коллледжінің 2 студенті ғана жұмыс істейді. Ара шаруашылығымен айналысу сүйікті кәсібіне айналған Денис Дягелевтің «Фацелияда» жұмыс істеп жүргеніне 7 жыл болған. Қазіргі таңда Денис Самар Агротехникалық колледжінде оқиды және өзінің жеке ара өсіру шаруашылығын ашуды жоспарлайды. Ал, Диана Донбаева аталмыш колледжде агроном мамандығына білім алып жатыр. Шаруашылық басына келгеніне әлі көп бола қоймағанымен, қазірден-ақ салаға деген қызығушылығының артып үлгергенін айтады.
- Мен демалыс айларын бекер өткізбей, сол уақытымды жаңа ма-мандықтың қыр-сырымен танысуға бөлемін деп шештім. Бұл мен үшін болашақта кәдеме жарар үлкен тәжірибе. Келешекте осы салада тереңірек білім алып, кәсіп қылсам деген ниетім де жоқ емес, - дейді Диана.

Бетті дайындаған:
Жансая СМАҒҰЛОВА
фото: Бақытбек ӘМІРҒАЗИНОВ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз