Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Еліміздің барлық аймағында жастар тәрбиесіне байланысты  кешенді жұмыс жүргізілуде. «Нұр Отан»  «Жас Отан» Жас-тар қанатының Көкпекті ауданының аудандық бөлімшесі жұмыс атқаруда. Көкпекті ауданы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы және Көкпекті ауданының Жастар орталығының директоры Азат Қайратұлы Рахымбаевты әңгімеге тартқан едік.

- «Жас Отан» Жастар қанаты қашан құрылды, атқарып жатқан қызметтері қандай?

-Өздеріңізге белгілі, 2004 жылы Республика бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты құралған болатын. Мақсат жастардың қоғамдағы маңызды ролін, белсенділігін арттыру. Ел азаматтарының 5 миллионға жуығы 14 пен 29-дың аралығындағы жас-тар. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі Елбасының да мемлекеттің де ең басты назарында болды. Әлеуметтік бағытталған жастар саясатын жүргізу, жастардың қоғам өміріне белсене қатысуы, жастардың бастамасын дамыту мақсатында, ауданда іс-шаралар жоспары бекітілген.

 

Осы жоспар шеңберінде жастарға арналған жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың жастар бірлестіктерімен қызмет етуінің оң тәжірибесі болып табылатын ауданның жастарының бастамасын жүзеге асыруға, жұмыс істейтін талантты, дарынды жас-тарды қолдауға әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорт-тық шаралар өткізіледі.

Бұл салада «Болашақ», «Жасыл Ел», «Жастар - Отанға», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жас мамандар қоры» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.

-Қазіргі таңдағы орталықтың жұмыс жүйесіне тоқталып өтсеңіз.

Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 7287 адамды құрайды. Оның ішінде 4094 ерлер, 3193 қыз балалар. 17 ауылдық округте 17 жастар ісі жөніндегі маман жұмыс атқаруда. Оның 14 мемлекеттік қызметкер, 3 инспектор. Әр тоқсан сайын жас-тар ісі жөніндегі мамандардың рейтингісі әзірленеді. Тоқсан сайын қорытынды жиналыстар өткізіліп, оларға әдістемелік көмек көр-сетіледі.

Ағымдағы жылдың бес айында «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі арқылы 14 жас жұмысқа орналасса, «Жастар іс-тәжірибесі» бойынша 5 жас жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданда жас мамандар қатары жыл сайын толықтырылуда, мамандарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Ағымдағы жылы бардарлама бойынша 39 жас маман 4989,0 мың теңге көтермеақы, 18 жас маман 41 мил-лион 580 мың теңге көлемінде тұрғын үй алу үшін пайызсыз несие алды.

2013 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарында 30 сарбаз ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен айналысса, 2014 жылы облыстық «Жасыл ел» жастар еңбегі жасағының 100 сарбазы ауылдарды көріктендіру бағытында жұмыс атқарды. 2015 жылға облыстық штабтан 150 жасыл ел сарбазын жұмысқа тарту мәселесі бойынша тапсырыс берілді. Ағымдағы жылдың маусым айында 67 жас, шілде айында 75 жас  аталған бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылды.  Тамыз айында аталған бағдарлама аясында 30 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Ауданда «Жас Отан» ЖҚ жұмысы жанданды. Қазіргі таңда «Жас Отан» ЖҚ қатарында 120 жас бар. Ағымдағы жылы Көкпекті ауданының «Жас Отан» ЖҚ филиалы «Еркін пікір» , «Жастар Отанға»  және тағы басқа жобаларды жүзеге асырды. ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай Көкпекті ауданының Жастар орталығы аудандық «Жас Отан» ЖҚ филиалымен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Үлкенге құрмет» акциясы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 5 айы көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша 89 іс-шара өткізілді. Оны ішінде : патриоттық бағыттағы – 47, спорттық – 14 және 28 мәдени іс-шара. Осы жылдың ақпан айында  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Жігіт сұлтаны - 2015» сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа қазақ жігіттернен басқа ауданымызда тұрып жатқан өзбек, татар ұлтының жігіттері де қатысты. Наурыз мейрамы аясында және де Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Наурыз аруы – 2015» сайысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, жасотандықтардың санын көбейту де басты назарда.

- «Жас Отанға» қолдау бар ма? Алдағы жұмыс жоспарларыңызға тоқталып өтсеңіз.

-Әрине, жоғарыда айтылған жұмыстар тек біздің емес білім, спорт, мәдениет бөлімдерімен тығыз байланыста болып атқарған жұмыстардың жемісі. Алдағы уақытта аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында төмендегі бағыттар бойынша жұмыс  атқару көзделіп отыр. Жастардың жұмыспен, тұрғын-үймен қамтамасыз етілуін қадағалау, қолдау көрсету, жас кәсіпкерлерге жәрдемдесу, жалпы аудандағы жастардың хал-ахуалына монитринг жүргізу мен ақпараттандыру үшін арнайы жастар сайтын ашу, еңбекпен қамтылмаған, өзін-өзі қамтамасыз етуші жастар тобымен жұмысты жандандыру. Жастар арасында нашақорлықпен күрес, салауатты өмір салтын насихаттау.

- Әңгімеңізге көп рахмет, Азат Қайратұлы! Жастар күні мерекесі қарсаңында сізді және сіздің ұжымыңызды мерекелеріңібен құттықтай келе, жұмыстарыңызға табыс, қанаттарыңыз талмасын демекпін.

Сұхбаттасқан: Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз