Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
14 наурыз күні Көкжайық ауылында аудандық Жастар орталығының ұйымдастыруымен жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Поэзияны жанына серік еткен барлық үміткерлер бақ сынаған мүшәйра жаңа есімдерді ашып берді. Әдебиет әлеміне нық қадам басқан жасөспірім таланттардың дарыны мен қарқынын көріп сүйсіндік.
Ағымдағы айдың 15 жұлдызында Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына, еліміздің Ұлы ақыны әрі данышпаны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына және Спорт күніне арналған ауылдық округ командалары арасында Көкпекті ауданы әкімінің жүлдесіне XIX спартакиада өтті. Аталмыш доданың өткізілу мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбавевтың жолдауларын іске асыру, спортшылардың патриоттық сезімін және достық қарым-қатынасын нығайту, халық ойындарымен спорт ойындарын дамыту, ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін аудандық құрама команда іріктеу болып табылады.
Спартакиаданың ашылу салтанатына Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Мұқышев қатысып, сайысқа түсушілерге сәттілік тіледі. Нағыз алғырлардың ойыны шахмат бойынша Көкпекті ауылының А.Нұрмұхамбетов, Ш.Шалбаев және Р.Изубчикова атты ойыншылары жүлделі 3 орынды иеленді.
А.Рахымбаев, Е.Әділбеков, З.Серіков, В.Минх, Е.Әбілов, А.Қапанов, Ә.Ақжігітов, Б.Батталов, Ә.Сыдықов, О.Сұлтанов сынды жас шымыр денелілерден құралған футбол 1 орынды иеленді. Олар өздерінің нағыз аяқ доп шеберлері екендіктерін көрсете алды. Балалар үйінің денешынықтыру нұсқаушысы және тәрбиешісі Қ.Тыныбаевтың бастамасымен жеңіл атлетикадан Д.Кандрашева, Ю.Шушакова, А.Проскуряков, шахмат және дойбы ойындары бойынша Р.Изубчиков, К.Жеңісова, қол күресіне М.Ахметов, гір көтеруден А.Бурыгин қатысты.
Спартакиада жеңімпаздары мадақтама қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Спортпен шұғылданатын жастардың ауданымызда көп болуы саламатты ұрпақ тәрбиелеп жатқандығымызды көрсетеді. Бүгінгі додада сайыпқырандарымыздың жеткен жетістіктері соның айқын дәлелі. Ауданымыздың спортшылары жасай берсін! Денелері шымыр, жүректері жігерлі, білекті де білімді болсын дегім келеді.
Көкпекті ауылдық округі бойынша
жастар саясатының маманы А.Төлегенова
Адамзат ақыл ойының озық үлгісін көркем туындылары арқылы көрсеткен Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы Ұлы Ақынның туған жерінде кең көлемде, барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Кемел ақын, кемеңгер ойшыл ұлы Абайдың “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” деп ұсынған, адамгершілік пен ізгілікке суарылған өсиетінің мәні барлық бұқаралық-мәдени шаралардың арқауына айналды.
Әрине, Абай айтқан еркіндік, теңдік, мейірім мен тазалық идеясы күллі адамзатқа тән. Сондықтан Абай айтқан сөз – қазаққа ғана емес, баршаға ортақ. Абай нұсқаған жол – бәріміздің бағдарымыз болуы керек. Абайдың өлеңдері мен «Қара сөздерін» оқығанда қазақы ойды, философияны, ұстанымды, ерекшелікті танисың. Абай: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», - деді. Сол өсиетті өзі орындап кетті. Ол атаның ғана адал ұлы емес, өз халқының, адамзаттың адал ұлы бола білді. Оның философиялық терең мұрасы күллі адамзаттың игілігіне айналғанының бір себебі – оның шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды талмай айтып отырғандығынан болар деп ойлаймын.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.