Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бала-өміріміздегі ең құнды нәрсе, сондықтан оларға қамқор болып өмірлерін жақсартуға барынша мүмкіндік жасауымыз қажет. Балалардың күлкісі мен сәбилердің бақытты көзі, бәлкім, әлемдегі ең үлкен байлық.

Ағымдағы жылдың 31 мамырда Көкпекті ауылындағы орталық аудандық аурухана қызметкерлерінің балалары үшін «Балалар - біздің бақытымыз!» атты халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Аталмыш шарада клиника-диагностикалық емханасының меңгерушісі Нұрлан Әубәкіров құттықтау сөз сөйлеп, аталық тілегін білдірді. Бұл күні бүлдіршіндер өздерінің сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен бірге көңіл көтерді. Күлкілі байқаулар, ойындар, әндер, билер, спорттық эстафеталар және ««Ана, әке және мен - спорттық отбасым» атты сайыс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге тәтті мақта, поп-корн, шырын таратылды. Балалар асфальт үстіне түрлі түсті борлармен әр түрлі суреттер салды. Мерекелік кеш соңында аурухана кәсіподақ комитеті барлық балаларға сыйлықтар табыс етті.

Толығырақ...

Көкпекті ауданында Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің еске алуға арналған футзал турнирі мәресіне жетті. Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған бұл турнир биыл қомақты қаржылай қолдауымен ерекшеленді. Батыр ұрпақтары 7 айға созылған турнирдің қомақты жүлде қорын қамтамасыз етті. Қараша айында өткен жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Смаилов өз атынан арнайы қаржылай жүлде де тағайындаған еді.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөз алған батыр ұрпағы Ерлан Қойгелдин бұл мемориалдың спорттық рухты көтеріп, жігерді тасытқаннан басқа, жұртты салауатты тұрмыс салтына баулу тәрізді насихаттық бағыты да бар екеніне назар аударды. Жастардың тартысты ойынын тамашалауға аудан әкімінің орынбасарлары Марат Теміржанов пен Дәурен Қойгелдин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, жастар орталығының директоры Азамат Халық, мәслихат депутаттары мен футбол жанкүйерлері көптеп жиналды.

Толығырақ...

19 ақпан күні Көкпекті аудандық орталық ауруханасында «Өз денсаулығыңызды сақтау үшін скринингтен өтіңіз» атты конференция өтті. Іс шара Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру негізінде болды.
Конференция жұмысына Көкпекті аудандық орталық ауруханасының СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова, Көкпекті аудандық отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі, аудандық педиатр Н.Әубәкіров, Көкпекті аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г. Абдрасулова, Шұғылбай ауылдық округі әкімінің м.а. Е.Ниязбаев, Көкжайық а/о медбикесі А. Құсаманова, «Шуақты Шұғыла» және «Көкпекті-Толағайы» балабақшаларының меңгерушілері Г.Жұмашева мен Ж.Тоимбаевалар қатысты.
ШҚО және Көкпекті ауданы бойынша онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша статистикалық мәліметтерді Көкпекті аудандық орталық ауруханасының дәрігер-онкологы Р.Жұмағазина баяндады. Бүкіл аудан және орталық аудандық ауруханасы бойынша онкологиялық қызмет индикаторлардың негізгі көрсеткіштері аурушаңдық – 23 жағдай және Көкпекті ауданы бойынша 63 жағдай анықталған. Аудандық орталық аурухана бойынша қайтыс болғандар саны 8, ал жалпы аудан бойынша - 20. Аурудың асқынған түрінің ОАА бойынша – 2, ал аудан бойынша 6 жағдай анықталған.

Толығырақ...

13 ақпан күні Көкпекті орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай футболдан жарыс өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Аян Халиульдин, Ауған соғысының ардагері Ерлан Жұмажанов қатысты. 

Жарыстың салтанатты бөлімін аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов құттықтау сөзбен ашты. Одан әрі спортшылар мен қонақтарға Ауған соғысының ардагері Е.Жұмажанов сөз сөйледі. Спорттық іс-шара бағдарламасымен қатысушыларды № 1 БЖСМ жаттықтырушысы А. Нұрмұхамбетов таныстырды. Латиф Фахрутдинов атындағы әскери-спорт клубының курсанты Нұрәлі Алдажұманов Ауған соғысы ардагерлеріне арнап «Соғыс» әнін арнады.
12 ақпанда Қазақстан Ауған соғысының ардагері, КСРО Армиясының Бас штабы ГРУ барлау арнайы жасағының 177-ші жасағының командирі, халық Қара майор ретінде білетін отставкадағы полковник Борис Керимбаев қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар жетті. Оны және жас өмірлерін қиған барлық ауғандықтарды жарысқа қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ...

Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.
Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.
Қалай жұғады?
Тұмаудың жұқтыру көзі ауру адам және тек сирек жағдайларда ғана шошқалар мен құстар сияқты кейбір жануарлар болып табылады.
Тұмау ауа - тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған "бұлт" пайда болады. Бұларды жұту – сау адамның ағзасына тұмау вирусының ену жолы.
Тұмаудың белгілері қандай?

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз