Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісілген жоспарға сәйкес Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында аудандық плакаттар байқауы өтті. Қазіргі күннің тәртібінде тұрған аса маңызды әлеуметтік мәселені балалар көзімен байқауды, өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шараға аудан көлеміндегі барлық білім ордаларынан жас қылқалам шеберлері қатысып, өз дауыстарын, айтпақ ойларын шағын плакатқа сыйғызыпты.


Балалар өнер мектебінің директоры А.Сүлейменовтың айтуынша, Балалар өнер мектебі үшін биылғы жыл тың бастамалар мен толымды іс-шараларға толы жыл болмақ көрінеді. Мекеме басшысы олардың өз деңгейінде іс жүзіне асуы өнер мектебінде еңбек етіп, бойларындағы бар білгенін шәкірт санасына сіңіріп жүрген ұстаздар мен қызметкерлердің атсалысуымен атқарылатынына сенімді. Бүгінгі күні Көкпекті өңірінен 290, Самар өңірі бойынша 216 баланы өнердің сан қырлы түрлеріне баулып отырған білім ордасының жаңа сападағы талай жұмыстарына біз әлі куә болатынымызға сенімдіміз.
- Аязды ауа райы қолайсыздық тудырып, мектептерде сабақ өткізілмей жатқанына қарамастан, мектеп ұстаздары дер кезінде құлақ асып, шәкірттерінің байқауға қатысуына мүмкіндік жасағаны қуантады. Нашақорлық, маскүнемдік және темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыттайтын байқауға жиыны 10 мектептен 24 плакат жіберілді, - дейді Асқар Дүйсенбекұлы.
Құрамында өнер мектебінің директоры А.Сүлейменов, ОАА СӨС кабинетінің меңгерушісі О.Дериглазова және Көкпекті ОМ тәрбие ісінің меңгерушісі Ә.Гусейнова қатысқан байқаудың әділқазылар алқасы плакаттар көрмесін бағалап, қорытындысын шығарды. Әділқазылар байқау талаптарына сай келетін, белгілі бір ойды, мақсатты көздейтін ең таңдаулы деген он шығармашылық жұмыстың ұпай санын есептей келе, Ж.Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің 7 «А» сынып оқушылары салған топтық жұмыс І-орынды жеңіп алды (жетекшісі Д.Нұрахметова). Үлкенбөкен ОМ А.Замаданова, Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ С.Ерланов, Мамай ауылы Амангелді ОМ Р.Болатбеков ІІ-орынға қол жеткізсе, Көкпекті Балалар өнер мектебінен А.Искакова, Пушкин атындағы мектептен Ю.Павленко, Преображенка ОМ Е.Поталицына, Көкжайық ОМ А.Сыдық, Ж.Болғанбаев мектеп-лицейінен (А.Татманова) және 5 сынып топпен орындаған(жетекшісі И.Оралбекова) жұмыстар ІІІ-орынға лайық деп бағаланды. Көрмеге қатысушыларды ынталандыру үшін Орталық аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымы мен СӨС кабинетінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтына шақыратын брошюралар мен сурет салуға қажетті қалам-қарындаштар сыйлық ретінде ұсынылғанын айта кету керек.
Өнер мектебі ұйымдастырып отырған ауқымды көрмеден алған әсерімен бөліскен Ольга Владимировна: -Бұл өте жақсы бастама. Байқауға қатысқан оқушылар қазіргі таңда нашақорлықтың, әсіресе, оны ине арқылы қолданудың көбейіп бара жатқанын, оның салдары қайда апарып соғатынын, маскүнемдік пен темекі шегуге құмарлықтың салдарын түсіне білгені қуантатынын жеткізді. Сондай-ақ, өнер ордасында бұл күні педагог-ұйымдастырушы Д.Ахметжанованың ұйытқы болуымен «Бояулар құпиясы» атты аудандық сурет байқауы өткізілді. 7-10 жас арасында - 47 оқушы, 11-15 жас арасында - 29 оқушы қатысқан көрмеге аудан бойынша 13 мектептен 78 шығармашылық жұмыс қойылыпты. Бояулар сырын айшықтай біліп, өздерінің көркемөнерге деген сүйіспеншілігі мен қабілетін, белсенділігін, әсіресе, Ж. Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицейі, Абай атындағы ОМ, Преображенка ОМ, Самар бастауыш мектебі, Көкпекті ОМ және Ж.Шайжүнісов атындағы ОМ оқушылары танытқанын, атап өткен орынды. Бұл мектептер байқауға жіберген жұмыстар санымен де алда тұр.
Сурет байқауының қорытындысында Бас жүлдені Ж.Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицейінен Жанбатыр Қадыров жеңіп алды (жет. Р.Асаубаева). Аталған мектептен Фарид Ибраев (жет. А.Асаубаев) және Ново-Тимофееевка ОМ Виктория Панкеева І-орынға лайық болса, 5 оқушы ІІ-орын, 15 оқушы ІІІ-орынға ие болды. Өнер мектебінің оқушыларға арналған марапаттары әр мектептің өзінде табысталатын болады.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз